Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіт қалыңдығының тойға қатысты ұсынысын біліп, оны үйден қуып жіберген

Reddit қолданушысы порталда сүйіктісінің үйлену тойына қатысты ұсынысын білген соң онымен жанжалдасып, үйден қуып жібергенін айтты. Аталған желіні қолданушылардың көпшілігі жігіттің шешімін қолдайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: 1gadanie.ru

Жазба авторы өзінің 23 жаста, ал бұрынғы сүйіктісінің 20 жаста екенін айтты. Олар тоғыз ай кездесіп, үйлену тойын жоспарлаған. Жігіт тойға бес мың доллардан артық ақша жұмсауға дайын емес екенін айтты. Ол ақшасын болашақта үй жөндеу жұмыстарына немесе бірлескен демалысқа салуды жөн көретінін түсіндірді.

Алайда бойжеткен жігітіне сәнді той өткізгісі келетінін айтқан. Олар үйлену тойын ұйымдастырушымен кездесіп, ұйымдастырғысы келетін мереке шамамен 50 мың доллар тұратынын білген. Ал жігіттің сөзінще, оның ондай ақшасы жоқ.

"Ол егер осындай үйлену тойын қаласа, мен оған қажет еместігімді түсіндім. Ол мені көндіруге тырысты. "Той өмірде бір-ақ рет болатын сәт, ол мәңгі есте қалады. Менің барлық достарым мен әріптестерім сонда болады" деп айтты", - деп жазды жігіт. 

Айтуынша, қыз ымыраға келмегендіктен, онымен ажырасуға бел буған. Сонымен бірге ол бұрынғы сүйіктісін бірге тұрған үйінен қуып жіберген. Ал қыз бен оның ата-анасы жігітті қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге көндірмек болған. Алайда жігіт одан бас тартқан. 

"Шынымды айтсам, оның мінез-құлқы өте қорқынышты болды. Ертең онымен отбасын бұрсам менің өмірімді бұзуы мүмкін", - деді пост авторы. 

Ол өзінің құндылықтарын бөлісетін және үйлену тойынан гөрі олардың болашағына көбірек көңіл бөлетін қыз тапқысы келетінін жеткізді.

"Адамдар үйленуден гөрі үйлену тойына қызығушылық танытса, қарым-қатынастар әдетте дұрыс болмайды", "Ол қымбат үйлену тойын, қымбат үй, қымбат киім алғысы келетін сияқты", - деп жазды қолданушылар. 

Ал көпшілігі қызға күйеуге шығуға әлі ерте екенін айтты.

Талқылау