Жезқазғанда қоқыс арасынан табылған сәби ата-анасына қайтарылды
Жезқазғанда қоқыс контейнеріне тасталған сәби ата-анасына қайтарылды, деп хабарлайды tengrinews.kz

“Баланың әкесі АХАЖ арқылы әке екендігін бекітті. Олар үйленді. Сол себепті біз баланы қайтардық. Жастардың отбасының жағдайлары жақсы, демек балада бәрі дұрыс болуы тиіс. Біз әр кезең сайын баланы тексеріп отыратын боламыз”, – деді ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар секторының бас маманы Гүлнар Сейітжанова.
Еске сала кетсек, жаңа туған сәби 17 мамыр күні Кеңгір ауылындағы қоқыс арасынан табылған еді. Анасы баланы полиэтиленді пакетке орап тастап кеткен. Жүкті болып қалғаннан кейін, ол екіқабат екенін ата-анасына айтуға қорқып, осындай қадамға барыпты. Жас ананы табуға иттер көмектестен.
Оқи отырыңыз:
Өскеменде 9 жасар қыздың алдында шешінген ер адамды іздеп жатыр
Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан