Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде 9 жасар қыздың алдында шешінген ер адамды іздеп жатыр

Өскеменде көпқабатты үйдің кіреберісінде 9 жасар қызға өзінің жыныс мүшесін көрсеткен ер адам ізделіп жатыр. Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлауда.

7858207bbd126dcd728ddd1ebd9466d3

Фото: vluki.ru

27 қыркүйек күні қала тұрғындарының бірі ішкі істер органына қоңырау шалады. Ол Лихарев көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қызға жыныстық әрекет жасағанын айтады.

“Аталған дерек қылмыстық құқық бұзушылық бар деген негізде тіркеуге алынып, ҚР қылмыстық кодексінің 124 бабы бойынша іс қозғалды”, – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда полиция күдікті адамды табуға бағытталған шаралармен айналысуда.

Оқи отырыңыз:

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Корей қызы қазақ тілін 3 ай ішінде үйреніп алған

Алматыда 31 жастағы азамат жоғалып кетті

Талқылау