Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында қоқысқа тасталған сәбидің анасын табуға иттер көмектескен

Жезқазғанда қоқыс жәшігіне тастап кеткен сәбидің анасын іздеген мамандарға иісшіл иттер көмектескен. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

photo_184948

18 жастағы жас ананы иттер сәбидің үстіндегі иіс арқылы тапқан.

“Жаңа туылған нәрестенің анасы ұсталды. Ол Кеңгір ауылының 18 жастағы тұрғыны екен. Тергеушілер алғашқы айыптауды ауыстырып отыр. Әйелге қазіргі таңда “Жаңа туған сәбиін өлтірмек болды” деген айып тағылды”, – дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Сәбидің анасы қазір тергеу изоляторында емес, онымен қазір тергеушілер жеке жұмыс істеп жатыр екен. Полицейлер қазірге болған жайт бойынша толық ақпарат бермей отыр. Ал Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау департаменті жас ананың денсаулығына қатысты пікір білдірді.

“Әйелді полицейлер ауруханаға жеткізіп, оның далаға тасталған сәбидің анасы екенін айтты. Дәрігерлер оны қарап, УЗИ-ге түсіріп, жақында ғана босанғанын анықтады”, – дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Айжан Иса.

Еске сала кетсек, жаңа туған сәбиді Кеңгір ауылында қоқыс жәшігінен Людмила Экзарзова есімді әйел тауып алып, әлеуметтік желіге жариялаған еді.

Талқылау