Қарағанды облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 11:50

Қарағанды облысында жаңа туған сәби даладағы темір контейнерден табылды.

балааааа

Оқиға 17 мамыр күні Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының арасында орын алған. Бұл туралы желі қолданушысы Фейсбук арқылы хабарлады.

“Өтіп бара жатыр едік, бір түсініксіз дыбыс шыға бастады. Әпкем айналаны қарап бір кезде темір контейнерден қалташаны байқайды. Анықтап қараса ол қимылдап жатыр екен. Сосын көтеріп алған кезде жаңа туған сәбидің жүзі көрінді. Оны қолына алып көтерген кезде сәби одан сайын айғайлап жылай бастады. Сосын әпкем жейдесін шешіп, соған орап алды”, – дейді Людмила Экзархова.

Аталған ақпаратты Қарағанды облыстық ІІД растап, пікір білдірді.

“Кеңгір ауылындағы қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған сәбиге байланысты іс ортақ ресстрде тіркеліп, ҚР ҚК 24 бабы 99 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі зерттеу жүргізілуде. Сәбидің анасын табу үшін арнайы шаралар жиынтығы қолға алынды”, – деді Қарағанды облыстық ІІД өкілдері.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар