Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда кітапхана директоры өзінің ұлын сырттай жұмысқа тіркеп, заңсыз жалақы төлеп келген

Жезқазғанда ұлын заңсыз жұмысқа орналастырып, оған жұмыс істемесе де жалақы төлеп отырған кітапхана директоры сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Без-названия

“Жезқазған прокуратурасы “Жезқазған қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” мемлекеттік коммуналдық мекемесін тексеру барысында бюджет қаржысын заңсыз пайдалану деректері анықталды. Кітапхана директоры 2016 жылдың шілдесінен желтоқсан айына дейін өз ұлына 469 860 теңге көлемінде заңсыз жалақы төлеген”, – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осылайша директор қылмыстық кодекстің 189 бабы “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” бойынша жауапкершілікке тартылып отыр.

Жезқазған қалалық соты әйелді екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан да шектелген.

Оқи отырыңыз:

Үйлері “қызыл сызыққа” түскен Алматы облысының тұрғындары қайта бас көтерді

Түнгі уақытта ішімдіктің сатылуын тоқтатуды сұраған үш тілшінің тағы бірі қамауға алынды

12 жастағы Жәнелдің анасы отаға жиналған ақшаны неліктен қайтармай жүргенін айтты

Жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшыға шұғыл түрде қан керек

Талқылау