Жетім жігіт өзін тастап кеткен анасына арнап кеш өткізді

Анасына арнап ән кешін өткізген Айдос Қалиев, көрерменнің көңілін босатты. Балалар үйінде тәрбиеленген өнерлі жігіт, концерттің атын «Анаға сағыныш» деп қойған. Мүмкіндігі шектеулі болсада қайырымдылақ жасаудан шет қалмаған ол, жеті рет шағырмашылық кешін өткізген.

Айдос Қалиев бала кезден ән айтады. Оның өнергеде ұмтылысына өзгелерде қызығушылықпен қарайды. Бұл жолыда шығармашылық кеште қолдау білдіріп келгендер көп болды. «Анаға сағыныш» атты жеке концерті, жастар ресуртық орталығының демеуімен шымылдығын түрді. Бұл туралы ТВК арнасына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Балалар үйінде бір нанды бөліп жеген Айдостың қатарластары оның шығармашылығын жоғары бағалайды. Жас әншімен бірге өскен жанашыр достарының бірі Заретта Өтемісқызы, өнерлі жігітті жүрегі таза адам деп біледі.

«Айдос ол кішкентай кезінен өз өнерін көрсетуді бастаған. Өте сондай жүрегі таза адам, ақ көңіл. Өнерге деген көзқарасы өте жарық. Мен оны біраз жылдан танимын. Оның өнеріне әрқашан да тек қана қуаншытымын»,- әншінің досы Заретта Өтемісқызы.

Анаға деген сағынышты әнмен жеткізген кеш иесі, концертке келгендердің көзіне жас үйірді. Алайда ол өзінен бас тартқан анасына ренжіген емес.

«Бүгінгі кештің тақырыбы «Анаға сағыныш». Өйткені ол өзімнің шынайы өмірімнен алынған тарих. Суық тарих. Әлі күнге дейін шешілмеген сұрақ. Құдай қаласа осы кештен кейін анамды тапсам деген ниеттеміз. Осы анамды іздеумен айналысамыз. Бүгінгі кеш өте әсерлі кеш болмақ.» «Бұл жерде қазіргі жастарды, жас аналарды балаларын тастамаса екен, ешбір сәби далада қалмаса екен деген мақсат»,- әнші Айдос Қалиев.

Айдос Қалиев осы концертінен соң үзіліс алып альбом шығаруды жоспарлап отыр. Жас әнші демеушілер табылса біраз белесті бағындырғысы келеді. Ал бағындырар белесінің ең үлкені анасын табу.

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық бойжеткен әйгілі америкалық байқауда жеңімпаз атанды

Семейлік математик АҚШ үкіметінде қалай жұмыс істеп жүр

Қазақстандық блогер: Эротикалық фильмдердің жұлдызын не үшін мешітке кіргізді?

Ақмола тұрғыны қайтыс болған туысының банктегі ақшасын шешіп алмақ болған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар