Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық бойжеткен әйгілі америкалық байқауда жеңімпаз атанды

Астанада емле бойынша Spelling Bee жыл сайынғы ұлттық байқауы өз мәресіне жетті. Байқауда астаналық студент Ардак Пошаева топ жарды, деп хабарлайды Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі

Қазақстандықтар үшін жаңа байқау Spelling Bee америкалық мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Америка оқушылары бұл байқаукға 90 жыл бойы қатысып келеді. Байқау мақсаты – сахнада тұрып жүргізуші айтқан сөздің әр әрпін дұрыс айтып беру. Ал ағылшын тіліндегі сөздердің көбінің айтылуы мен жазылуы бөлек болғандықтан, дәл осы жағдай қиындық туғызады.

«Байқауды Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұйымдастырды. Қазақстанның әр өңірінен 33 студент қатысты. Астанадағы Назарбаев университетінің 4-курс студенті Ардақ Пошаева жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, шымкенттік Динара Құрақбаева, қарғандылық Меруерт Совет, өскемендік Альбина Еркімбаева және петропавлдық Виктория Иващенко жүлделі орындарға ие болды», – деп жазылған хабарламада.

АҚШ елшісі Джордж Кролдың сөзінше, байқау Қазақстандағы үш тілді білм беру саясатын қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

«Біз байқау аясында Қазақстандағы дарынды жастардың жиналғанына қуаныштымыз. Олар ағылшын тілінде сөйлеу деңгейлерін арттыруға тырысуда», – дейді Кролл.

Байқау ұйымдастырушыларының мәліметінше, ендігі жеңімпаздар Spelling Bee байқауының Орта Азиялық кезеңіне жол тартады. Онда Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген қатысушылармен бақ сынасатын болады.

Оқи отырыңыз:

Семейлік математик АҚШ үкіметінде қалай жұмыс істеп жүр

Қазақстандық блогер: Эротикалық фильмдердің жұлдызын не үшін мешітке кіргізді?

Ақмола тұрғыны қайтыс болған туысының банктегі ақшасын шешіп алмақ болған

ОҚО-да күйеуі мен енесі көрсеткен азапқа шыдамаған мұғалім асылып қалған

Талқылау