Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова: Тоқал алған азамат ұрпағының психологиясын бұзады

Әнші азаматтардың тоқал алуына қарсылық білдірді. Оның айтуынша, бәйбіше мен одан туған балалары мұндайда психологиялық тұрғыдан қатты соққы алады. Нәтижесінде бәйбіше мен тоқалдан туған ұрпақ бір-бірін жек көріп өтеді.

16585090_1618820231479701_5580777000005533696_n

Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

Жеңіс Ысқақова қазақстандық азаматтардың екінші әйел алуына қарсылық білдірді. Мұны бәйбішенің моральдық тұрғыдан қиналатындығымен түсіндірді.

“Жалпы өзім көп әйел алуға қарсымын. Өйткені, қазір бізде “Қазақ байыса, қатын алады” демекші, жігіттеріміз жағдайын жасап, жан-жақтарына қарап жастау тоқал іздей бастайды. Меніңше, бірінші құдай қосқан қосағың саған өзінің жастығын, денсаулығын беріп, өсіп-өнуіңе көмектеседі. Бір қызығы, осы әйел орта жасқа келгенде ер азаматына керек болмай қалады. Оған тек баласының анасы ретінде көмектесіп тұрады.

“Мен жаспын, басқа әйел алуым керекпін” дейді. Сол азаматтардың әкелері шешелерін тастап, басқа әйел алып жатса, олардың да қиналатынына сенімдімін. Бірінші кезекте осы нәрсені ойлауы керек. Бәйбішенің жүрегі мен сезімі қайда қалады? Оның балаларының алдындағы абыройы ше? Ертең тоқалдан бала туған кезде, екі жақтың балалары бір-бірін жек көріп өседі. Әкелерін бір-бірлерінен қызғанатын болады. Осылайша, бүкіл әулеттің өсіп келе жатқан ұрпағының психологиясы бұзылады”, – дейді Жеңіс Ысқақова.


Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай ауруханада жатқанында сүйіктісінің неліктен келіп қолдау көрсетпегенін түсіндірді

Сара Тоқтамысова: Айтыс әлемінде жүріп спорт саласына ауысып кеткен жоқпын

Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)

Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді

Талқылау