Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысының тұрғыны төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқаны үшін енді айыппұл төлейді

WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан Маңғыстау облысының тұрғынына 73 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Сотта анықталғандай, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі (көрнеу жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік іс қозғалды.



“А.-ның ұялы телефонынан WhatsApp қызметі арқылы Атырау облысында төтенше жағдай орын алғаны туралы жалған, дәйексіз ақпарат таратқаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылған Ақтау қаласының тұрғынына 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – делінген сот хабарламасында. 

Қаулы күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда 27 жастағы тұрғын WhatsApp желісінде жалған ақпаратпен дауыстық хабарлама жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарлаған едік. Ол эвакуациялық пункт орналасқан мектепте мұғалімдердің жеткізілген гуманитарлық көмекті ұрлап жатқанын айтқан.

Талқылау