Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желідегілер Санжар Мәдиев түскен фильмді жарыса әжуалауда (видео)

Желі қолданушылары режиссер Сарик Андреасян түсіріп жатқан “Қорғаушылар” атты фильмді аямай әжуалап тастады. Аталған туындының екінші трейлері 23 тамыз күні жарияланған болатын.

2

Twitter желісінде юзерлер трейлерден алған әсерлерін бөлісіп, “Қорғаушыларды” кеңес кезіндегі батырлардан қорғауды өтінді. Мұнымен қатар, жұрт лентаның “Кек алушылар” мен “Люди-Икс” фильміне қатты ұқсайтынын байқаған. Әсіресе Хан есімді кейіпкер голлувудтық қаһарманның көшірмесі екенін айтып жатыр.

“Қорғаушылар” әлі жарыққа шықпады, бірақ жұрт осы фильмге бола ұяттан өртеніп жатыр”, “Маған “Қорғаушылар” трейлерін көруден қорғайтын қорғаушылар керек”, “Құдай сақтасын, не деген көргенсіздік. Мұны тіпті плагиат деп атауға аузым бармайды”, “Өзі есі дұрыс фильм секілді. 6 жастан бастап көруге болады екен” дейді желі қолданушылары.

Арасында “Қорғаушылар” фильмінің “Өзін өлтірушілер отрядынан” еш кем болмайтынын айтқандар да болған.

Басқа желі қолданушылары фильмге қатысты сөз қозғап, өзара әзілдескен. “Қорғаушылар” – КСРО құрамына кірген, түрлі қасиеті бар азаматтардан құралған жасақ туралы. 2017 жылдың 23 ақпанында көрерменге жол тартады деп күтілуде.

Талқылау