Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазушы әйел адам өлтіргіштер туралы кітап жазу үшін 18 жастағы жігітті пышақтап тастады

18 жастағы жігітті өлтірді деп айыпталған Джемма Лилли бұл қылмысты адам өлтіргіштер туралы кітап жазу үшін істегенін айтты.

Бұл туралы Independent жазады.

26 жастағы әйел өзінің көршісімен бірге Австралияның Перте қаласындағы жоғарғы сотта жауап беріп жатыр.

Тергеу дерегі бойынша, екі әйел Аспергер синдромына шалдыққан Аарон Паджичті аңдыған. Оны үйге алып келіп, бірнеше пышақ жарақатын салып, денесін бақ ішінде жасырған. Оқиға 2016 жылдың маусымында болған.

Джемманың айтуынша, осылай істеу арқылы ол кітабын ойдағыдай жазып шықпақшы болыпты. Бұл ретте әйел қылмысты алдын ала ойластырғанын жоққа шығарады.

Көршісі өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Оның сөзінше, ол тек Джеммаға мәйітті жасыру бойынша көмектескен.

Жіберіп алмаңыз:

Францияда баласына Жиһад деген есім берген ата-ана сотта жауап бермек

Шешенстанда офицер өзінің төрт жолдасын атып тастады

Америкалық көріпкел түсінде Үшінші дүниежүзілік соғыстың қашан болатынын көрген

Әкесі өзі 12 жыл бұрын өлтірген қызының мәйітін қапқа салып полицияға келді

Талқылау