Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазасын 20 жыл артығымен өтеген америкалық бостандыққа шықты

29 сәуір күні Луизиана штатында жасөспірім баланы өлтіргені үшін 41 жылға сотталған америкалық Гэри Тайлер бостандыққа шықты. 70-жылдары сот оның ісіне қатысты шешімді антиконституциялық деп тапса да, үкім енді ғана жүзеге асқан.

image

1974 жылы Тайлер 13 жастағы Томас Уеберді өлтіргені үшін сотталған болатын. Автобус маңынан өтіп бара жатқан оқушыларға оқ атылып, тергеу жұмыстары жүргізілген. Осы сәтте ол өзінің достарымен бірге автобустың ішінде отырған. Тергеу барысында Тайлердің қалтасынан тапанша табылып, сот алқабилері бірауыздан оны кінәлі деп тапқан.

1976 жылы өлім жазасына кесу туралы үкім өзгеріп, Тайлер өмірлік бас бостандығынан айырылған. Аталған жылы Луизианада өлім жазасына кесу алынып тасталған болатын. Осылайша аппеляциялық сот азаматқа шығарылған үкімнің конституцияға сай келмейтінін айтқан. Өлім жазасын алып тастаумен қатар, жасөспірімдерді өмірлік бас бостандығынан айыруға болмайтындығы туралы заң шыққан.

Алайда Тайлер өз ісін сотта қайта қарата алмай әлек болып, тек 2012 жылы сот өз үкімін өзгертеді. Осыдан кейін Тайлер өзінің кінәсін мойындап, 21 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда жігіт бұл мерзімді екі есе артығымен өтеп қойған. Осыны ескерген сот алқалары оны бірден босатқан.

2015 жылдың қаңтар айында Солтүстік Каролинада Джозеф Следж қырық жылдан кейін түрмеден босатылған. Соттағылар оның Элизабет пен қызының өліміне еш кінәсі жоқ екенін анықтайды. Олар ДНҚ нәтижесін ескеріп, келтірілген айғақтардың Следжге ешқандай да қатысы жоқ екеніне көз жеткізеді. Мұнымен қатар, куәгерлердің бірі өз сөзінен бас тартқан. Мұндағы мақсаты өз жазасын жеңілдету болса керек.

Аймақтық прокурор Джон Дэвид айыпталушы алдында кешірім сұрап, істі тағы да қайта қарауға уәде берді. “Жүйе қателік жіберді. Түрмеде кінәсіз адам отырды”, – дейді ол.

Талқылау