Жарты бетімен туылған қыз: Мен әлемдегі ең бақытты адаммын

Жарты бетпен дүниеге келген қыз әдемі суреттерімен бүкіл әлемді таңғадыруда.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

Иванка Денисова Братиславада туылды. Ол гольденхара синдромымен ауырады. Қыздың туылғаннан бас сүйегінің жарты бөлігі дамымай қалған. Иванка туылғанда дәрігерлер 12 жылдан артық өмір сүрмейді деп болжаған. Алайда қыз көптеген отада кейін аман қалды. Чикагодағы отадан кейін Иванка алғаш рет оң құлағымен естіп, оң жағындағы тістерін қозғалта алатын болды.

Ол бала кезінде бетін шашымен жауып жүрді, өйткені оны көргендер мазақ қылған. Иванка оң жақ құлағымен нашар естіп, спортпен де дұрыс шұғылдана алмаған. Суық тисе ауруы асқына түсті.

Осыдан 3 жыл бұрын Иванкаға лейкемия диагнозы қойылған. 2017 жылы жазда оның сүйегіне 31 сағатқа созылған ота жасалды. Ал соңғы 13 сағатқа созылған ота Иванкның жақсы өмір сүруіне мол пайдсын тигізген.

«Мен әлемдегі ең бақытты адаммын. Бір жақ бетіме ота жасаттым. Содан кейінгі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жарты бетпен туылғандардың өмірі жеңіл болады деп айту қиын бірақ, үміт үзбеу керек», – дейді Иванка.

«Мен оң құлағыммен ести аламын, оң жағыммен тамақ шайнай аламын», – дейді ол.

Иванка өз өмірімен күресіп қана қоймай басқаларға да көмектесіп жүр. Ол «Иванка үшін кемпірқосақ» науқанын жүргізді. Онда осы диагнозбен ауыратындарға көмектеседі.

«Біз селфи жасаймыз да, осыған барлығын шақырамыз. Біздің басты арманымыз қолымызды жарты бетімізден алып жүру, еркін, қысылмай жүру», – дейді Иванка.

Иванка көмектесіп жүрген адамдар оны «күш иесі» деп атайды. Себебі ол айналасындарға қуаныш сыйлап жүреді.

Тағы оқыңыз:

Ғалымдар жалғызбасты адамдардың өмірінде бірқатар артықшылық бар екенін анықтады

АҚШ-та 50 жастағы әйел өз ұлына бала туып берді (фото)

Америкалық әйел қол кептіретін құрылғының ішіндегі адам шошырлық заттарды көрсетті (фото)

Әйел өзіне бүйрегін берген сүйіктісінің ұсынысын қабылдамай қойды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар