Әйел қол кептіретін құрылғының ішіндегі адам шошырлық заттарды көрсетті (фото)

Жексенбі, 11 Ақпан , 2018 15:03

АҚШ-тағы Калифорния штатының тұрғыны Николь Уорд Карлсбад қаласындағы лабороторияда жұмыс істейді. Ол Facebook желісіндегі парақшасында адам шоштыралық суреттермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

Уорд қоғамдық дәретханалардың біріндегі қол кептіретін құрылғыда бактериялардың бар-жоғын тексеріп көрмек болған. Алайда оның ішіндегі бактериялар құжынап жүрген болып шықты. Біз құрылғының көмегімен қолымызды кепітргенде, ауру тудыратын зеңдер мен бактериялар жұғады екен.

Уорд суретте Петри ыдысын көрсетіп, ондағы бактериялардың бірнеше күн ішінде көбейіп кеткенін көрсетті. Мұның алдында ол ыдысты қол кептіретін құрылғының ішіне 3 минутқа салып қойған екен.

«Бұл ауру тудыруы мүкін зеңдер мен бактериялардың бірнеше үлгісі. Сіз қолыңызды кептірген кезде олар теріңізге тасымалданады», – деп жазды әйел Facebook желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, Николь Уорд бұл жазбасымен ешкімді қорқытқысы келмегенін, тек ауру тудыратын бактериялардың кез-келген жерде кездесуі мүмкін екенін ескерткісі келгенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Әйел өзіне бүйрегін берген сүйіктісінің ұсынысын қабылдамай қойды

АҚШ-та 11 жасар баланың қолына ұлу өсіп шықты

Боливияда ғалымдар Ромео атты бақаға танысу сайтынан парақша ашқан

Аустралиялық ер адам екі қолтырауынды тірідей ұстап алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар