Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аустралиялық ер адам екі қолтырауынды тірідей ұстап алды

Аустралияда ер адам екі қолтырауынды тірідей ұстап алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Аустралиялық ер адам екі қолтырауынды тірідей ұстап алды

Сурет: Crocodile Catching Contractors

Қолтырауындардың бірінің ұзындығы 4,4 метр, екіншісі 4,3 метрді құрайды. Олардың азу тісі ер адамның алақанынан кішірек болған. Қолтырауындарды аулаған Роджер Мэтьюс жыртқыштарға Гоббо және Кроко деп ат қойған.

Мэтьюстің айтуынша, ол қолтырауындардың назарын аудару үшін, арнайы ілмек қолданған. Жыртқыштардың бірі судан шыққанда, ол қолтырауынның тұмсығына ілмекті іле қойған. Мұнан кейін екінші қолтырауынды да дәл осындай әдіс арқылы ұстап алыпты.

Қолтырауындардың үлкендігі сонша, оларды тасымалдау үшін трактордың көмегі керек болған. Мэтьюс жыртықштарды асырап ала алатын ферма таба алмапты. Сондықтан оларды өлтіруге тура келген. Ендігі ол қолтырауындардың терісі мен бас сүйегін сатпақшы.

Мэтьюстің айтуынша, өңірде қолтырауындардың саны артып келеді екен.

«Бұл олардың басқа жақтан келіп жатқанын және осы жерде тағы бар екенін аңғартады. Біз қолтырауындар ешқашан болмаған жерлерден осы жыртықшатырды кездестіріп қалып жатырмыз», – дейді ол.


Оқи отырыңыз: Қолтырауындар туралы қызықты деректер

Талқылау