Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 жастағы әйел өз ұлына бала туып берді (фото)

АҚШ-тың Тексаркана қаласында тұратын Кайла мен Коди Джонс сәбилі болғысы келген. Алайда Кайла 17 жасында жатырының бір бөлігін алдырғандықтан, өзі сәби сүйе алмапты. Осы кезде ерлі-зайыптылар суррогат ана іздестіре бастаған. Алайда Кодидің анасы оларға бала туып берді, деп хабарлайды boredpanda сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Кайла мен Коди 2012 жылы шаңырақ көтерген. Алайда Кайла 17 жасында дерті себепті жатырының бір бөлігін алдырған екен. Сондықтан ол жүкті бола алғанымен, баланы құрсағында көтере алмайды.

Ол өзінің жағдайына қарамастан, сәбилі болуды армандаған.

Осы кезде ерлі-зайыптылар суррогат ана іздестіре бастапты. Оған ұзақ уақыт қажет болды. Алайда өздеріне қажет адамды таппаған.

Ерлі-зайыптылар үміт үзе бастағанда, Кодидің анасы оларға көмектесуді ұйғарды. Бұған дейін әйел тағы да сәби сүю бақытын сезінгісі келетінін айтып әзілдеген екен.

Ерлі-зайыптылардың арманы орындалып, 50 жастағы Патти Резекер өз ұлына суррогат ана болды.

2017 жылы Патти жасанды жолмен жүкті болған. Жеті айдан кейін дүниеге ұл бала келді. Оған Кросс Аллен Джонс деген есім берген.

Оқи отырыңыз:

Америкалық әйел қол кептіретін құрылғының ішіндегі адам шошырлық заттарды көрсетті (фото)

Әйел өзіне бүйрегін берген сүйіктісінің ұсынысын қабылдамай қойды

АҚШ-та 11 жасар баланың қолына ұлу өсіп шықты

Боливияда ғалымдар Ромео атты бақаға танысу сайтынан парақша ашқан

Талқылау