Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жалғызбасты адамдардың өмірінде бірқатар артықшылық бар екенін анықтады

Ерлі-зайыптыларға қарағанда, жалғызбасты адамдардың өмірінде артықшылықтар басымырақ екен, деп хабарлайды The Independent басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Анықталғандай, жалғызбасты адамдардың әлеуметтік желіде достары көп әрі олармен жиі араласады екен. Ал психологтардың айтуынша, отбасымен байланысы жоқ достар көңіл-күй көтеріңкі болу үшін өте маңызды.

Сондай-ақ, жалғызбасты адамдардың физикалық тұрғыда дамуына мүмкіндіктер көп. Зерттеуде жалғызбасты адамдардың артық салмақ қосуға бейім емес екенін және денесі анағұрлым сымбатты екені анықталды.

Сонымен қатар жалғызбасты адамдар тұлғалық даму үшін көп уақыт бөле алады. Тұрмысқа шықпаған қыздар және үйленбеген жігіттер білім алуға ынталы әрі мансабында анағұрлым жиі көтерілетін көрінеді.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та 50 жастағы әйел өз ұлына бала туып берді (фото)

Америкалық әйел қол кептіретін құрылғының ішіндегі адам шошырлық заттарды көрсетті (фото)

Әйел өзіне бүйрегін берген сүйіктісінің ұсынысын қабылдамай қойды

АҚШ-та 11 жасар баланың қолына ұлу өсіп шықты

Талқылау