Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат пен Жазираны “ажырастырып” қойған кім?

Әлеуметтік желіде жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның ажырасқаны туралы ақпарат тарап, елді дүрліктірген. Әншілер жанұясы мұндай жалған сөзді кімнің таратқанын білмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Той думан” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанболат пен Жазира

“Кім шығарып жүргенін білмейміз, танымаймыз. Бірақ facebook желісінде біреулер бізді “ажырасып кетіпті” деп жазыпты.

Халық қай жерге барсақ та құшақтап, тілек айтып жатыр. Не боп қалды десек, жаңағы пікірді естіген ғой бәрі. – Жүрші, жүрші, ажыраспағандарыңды көрсетейікші, – дейді көрген ағалар”, – дейді Жанболат Ербатыров.
Бір қызығы, бұған дейін де жұлдызды жұпқа жалған ақпарат таратып, қара пиар жасау туралы ұсыныс түскен екен.

“Бір арналар бізге хабарласып: – Сіздерді ажырасты деп ақпарат таратайықшы, 1-2 аптадан кейін қайта қосылды деп айтамыз, – дейді. Қойыңыздар, ондай жарнаманың бізге қажеті жоқ дедік. Құдай сақтасын. Оқырман жинағысы келетін адамдар таратқан шығар деп ойлаймыз”, – дейді Жазира Байырбекова.
Жұлдызды жұп жалған ақпарат таратқандарға ренжімейді. Олармен соттасамыз деп те әуреге түспейді.

Себебі: “Олардың санасы солай жаратылған ғой, не деп ренжиміз?” – дейді Жазира.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау