Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанат Жақиянов: Астана төрінде жекпе-жек өткізу – мен үшін үлкен қуаныш

Жеңіл салмақтағы (53,5 келі) кәсіпқой боксшы, WBA супер тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жанат Жақиянов Stan.kz тілшісіне алдағы жоспарлары туралы айтты.

3E0A9836

Жақында ғана америкалық Роши Уорренді жеңіп кетіп, әлемді тәнті еткен Жанат Жақиянов Алматыда Қанат Исламмен бірге ашық жаттығу өткізді. Тәжірибелерін жас балғындармен бөліскен боксшы, алдағы жоспарлары туралы да айтып өтті.

3E0A9841

“Уорренмен болған жекпе-жектен кейін бапкерім екі ай демалыс берді. Туған жерім Петропавлда демалып, шаңғы теуіп уақыт өткізіп жатырмын. Жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуге тиіспін. Астанада өтуіне қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Егер ресми ұсыныс түсіп жатса, ойланып көреміз”, – деді әлем чемпионы.

3E0A9862

Жасы 33-ке келген спортшы әлі де болса кәсіби мансабын аяқтай қойғысы келмейтінін де атап өтті.

3E0A9863

“Мүмкін бір жекпе-жек, мүмкін үш жекпе-жек, оны ешкім де білмейді. Әлі де болса жетістіктерге жеткім келеді. Кәсіпқой боксқа 2007 жылы келдім. Содан бері 10 жылдың ішінде әлем чемпионы болсам деген арманыма қол жеткізе алдым. Өзімді әрі қарай да дамыта түсуім керек. Дәл қазіргі сәтте жапониялық Синсукэ Яманакамен кездескім келеді”, – деді Жақиянов.

Оқи отырыңыз:

Қуат (Найман) Хамитов: Қазақ ұлтына қарсы заң шыққан сайын өз-өзімді ұстай алмай қаламын

Қанат Ислам ринг төрінде кішкентай балақайдың тұсауын кесті (фото)

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Талқылау