Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырады

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданынан 3 шақырым жерде орналасқан Садыхан қыстауында болған.

76c4f51a767eb0842f7a0971d642f1fd799641ec

Бұл туралы  ІІМ Төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлайды.

Қазір апаттан құтқару қызметі іздеу жүргізіп жатыр. Медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем тобы аттанған. Алдын ала болжам бойынша, апатқа ұшыраған Ми-2 тікұшағы болуы мүмкін.

Тікұшақ апаты болған аймақтан табылған адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы бүгін Азаттыққа Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Мунатаева хабарлады.

«Оның денесінің 50 пайызға жуығын күйік шалып, зақымданған, қазір оны ауруханаға жеткізген. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Мунатаева.

Алдын ала деректер бойынша, апатқа ұшыраған тікұшақ «Жаңа Әлем әуе компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иелігінде болған.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда сенбі күні тікұшақ апатқа ұшырағаны туралы хабарланған еді. Қаңтардың 23-і күні кешкісін төтенше оқиға туралы хабар түскен соң, апат болған аймаққа дереу құтқарушылар тобы және медициналық жедел жәрдем бригадасы жөнелтілген.

Апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Талқылау