Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында мұғалімдерден ақша жинаған директор сот алдына келді

Жамбыл облысы, Шу ауданындағы орта мектеп директоры жұмысшылардан ақша жинағаны үшін сот алдында жауап беріп жатыр.

Бұл туралы Шу аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

2017 жылдың қаңтар айында айыпталушы басқарған мекеме мемлекеттік аттестациядан өтуі тиіс болған. Комиссия келер алдында директор қызметкерлерге аттестациядан табысты өту үшін ақши жинау керектігін айтады.

Ол мұғалімдерден 30 000 теңге, ал техникалық қызметкерлерден 9 000 теңге талап еткен. Мектептің барлық қызметкерлері директорға 270 000 теңге жинап береді.

Қазіргі таңда директордың әрекетіне қатысты ҚР ҚК 362 бабы “Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану” бойынша іс қозғалды. Сот отырысы барысында әйел өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда сот оны кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын қабылдады.

Жіберіп алмаңыз:

Энергетика министрі: Мұнайшылардың тәбетін басып, бензинді арзандату керек

Шығыс Қазақстан облысында мұғалім “батыр” образында сабақ беріп жүр

Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіт бір ғажаптың күшімен аман қалды

Талқылау