Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағдайы нашарлап кеткен Сейітқазы Матаев қайтадан ауруханаға түсті

Бүгінде Астанада өзіне қатысты ашылған іс бойынша тыңдау өтіп жатқан Қазақстан журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаевтың жағдайы нашарлап ауруханаға түсті.

12797272 (1)

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Матаевқа қатысты қылмыстық істі Есіл аудандық №2 сот қарап жатыр. Басты сот отырысы 23 тамызда басталған еді. Бұған дейін Матаевтың денсаулығы басты сот отырысы кезінде де нашарлап, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған еді.

“Сейітқазы Матаев Онкология және трансплантология Ұлттық ғылыми орталығына жатқызылды. Оның қан қысымының мөлшері 230/110”, – деді Матаевтың адвокаты Андрей Петров.

Танымал журналист ҚР ҚК 177 бабы 4 бөлімі, 190 бабы 4 бөлімі (Алаяқтық) және 245 баптың 3 бөлімі (Салық төлеуден және бюджеттік мекемелерге тиесілі өзге де міндетті төлемдерден жалтару) негізінде айып тағылып отыр. Сондай-ақ, оның ұлы Әсет Матаев та “Алаяқтық” бабы негізінде жауапқа тартылып отыр.

Бұған дейін прокурор Ержан Құрақбаев Сейітқазы және Әсет Матаевтар 2010-2015 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу комитетіндегі 169 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген еді. Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. Екеуі де өздеріне тағылған айыптарды мойындаған жоқ.

Талқылау