Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер анасына қарсы куә болған қыз бен енесі жайлы шындықты айтты

Белгілі заңгер  әлеуметтік желіде өзін әнші деп таныстырған алаяқ әйелдің қамалуынан кейін, туған қызы мен құдағиының әрекетін сынағандарға жауап берді.

заңгер-ене

Оның сөзінше  Сандуғаш Жұмабек өз қызының отбасын ойрандауға да әрекеттенген. Құдағиы арыз жазбаған күннің өзінде, жиырмадан асқан басқа жәбірленушілер оны бостандықта тыныш жүргізбейтін еді деген пікірде.

Назарларыңызға заңгердің жазбасын толықтай ұсынамыз:

Адами тұрғыда кешіріммен қарағымыз келді, бірақ өзінің жасаған қылмысы, өтірік əңгімесі мен ащы тілі адами болмысты жеңіп кетті.

Біріншіден, арызды өз қызы жазған жоқ. Қызы тек куəгер ғана. Сосын өз қызын рак ауруымен ауырады деп ақша жинаған ананы сіздер аяп отырсыздар ма?

Өзінің өтірігі мен қылмысы ашылған кезде күйеу баласына:” менің қызым сенен туған жоқ. Анау қызыңның əкесі сен емес “-деген адамды қалай ана деуге болады?

Өз қызын куəгер болуға өзі мəжбүрлеп отырған жоқ па?

Асем шешесін қолдап күйеуін тастап анасының жолын жалғастыру керек пе еді?

Екіншіден, арыз жазған адамдар саны өте көп. Ең бірінші арыз жазған адамның ісі сотта бірінші основной болып қаралды, ал құдағиының ісі қосымша эпизод болып қаралды.

Үшіншіден, іс жайлы ештеңе білмей жатып ақыл айту оңай. Осы жерде туған келіндеріңіздің анасы үйсіз қалдырып көрсінші, шешесімен қоса қызында қуып шығатын едіңіздер. Ал мен бір жарым жылдан бері нені байқадым білесіздер ме? “Қазақтың салихалы ене”- деген ұғымына Гүлсара ханым сай екеніне көзім жетті.

Келінін туған қызындай аялап, анасы бермеген ақ қаймағын аузына салып отырған енеден қалай айналмайсың?

Жиырма жыл жасап келе жатқан алаяқтығын осылай əркімге жала жауып келген Сандуғаш қаншама балапанды анасыз қалдырғанын білесіздер ме? Сандуғаштың алаяқтық ісінен асылып өлген əйел бар. Үйіне полиция қызметкерлері келгенде жүрегі тоқтап қалған профессор апай бар.

Осы кісілердің бала шағасына жандарыңыз ашысын. Сандуғаш Жұмабектің құрбаны болған адамдарды аяңыздар. Тəтті тамақ, бренд киім киіп билеп жүрген Сандуғаш ешқашан еңбек етіп адал ақша таппаған. Сол себепті біз осындай қадамға барып отырмыз. Кезінде Сандуғаш жазасын алғанда біз қəзір ауыз былғап бұл жерде тартысып отырмас едік. Алдағы уақытта адамдар бұның құрығына түспес үшін қоғамды бұндай адамнан тазалау керек.

Көптеген қылмыстық істерін білмей жатып құдағиын қаралауды доғарыңыздар. Алладан тілеңіздер қыздарыңызға осындай ене берсін деп!

Гүлсара ханым сізбен өткізген əрбір күн маған қуаныш сыйлады. Аман жүріңіз. Сіз сияқты салиқалы адал ене мағанда бұйырсын.

Оқи отырыңыз:

Туған қызы мен құдағиы сотқа берген алаяқ әнші қамауға алынды

Сарқыраманың қасында сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт сақинаны суға ағызып алды (видео)

Ер адам бұрынғы сүйіктісінің мәйітін тоңазытқышта сақтап келген

АҚШ-та әлемге танымал әншіден аумайтын бұзау туылды (фото)

Украиндік ұшқыш көз көрмес қараңғылықта 121 жолаушыны аман-есен жерге қондырды (фото)

 

Талқылау