Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75% деп бекітті

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,75%-да сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеді. Бірақ сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып отыр. Әлемдік нарықтарда астық бағасы төмендеп келеді. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтанбаған инфляциялық болжамға байланысты инфляциялық қысым бар.

“Инфляция бойынша бес пайыздық мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Оның қалыптасуы инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауына байлынысты”, – деп мәлімдеді ұлттық банк. 

Жылдық инфляция наурыз айында 9,1% төмендеді. Ауытқу құбылысы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бағасының мейлінше тез өсу әсерінен болып отыр. Ұстамды қатаң ақша-несие саясаты мен астықтың әлемдік бағасының төмендеуі инфляцияның төмендеуіне әкелді. Ал айлық инфляция наурызда 0,7% баяулады. 

Халықтың инфляциялық болжамдары біршама төмендеді. Алайда күтулер әлі де жоғары деңгейде. Бұл негізінен тамақ өнімдері, ТКҚ мен жанар-жағармай бағасының өсуіне байланысты.

Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып отыр. Наурызда өсімдік майы бағасының көтерілуінен әлемдік нарықтарда азық-түлік құны аздап өсті. Экспорттаушы елдерде жиналған өнімнің есебінен және теңіз арқылы сауда жолдарының үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты астық бағасы төмендеп келеді.

Мұнай бағасы базалық сценарийден сәл жоғары қалыптасып отыр. Бұл Қазақстанның сауда балансына оң әсер етеді. Бірақ мұнайдың жоғары бағасы сыртқы инфляциялық әсердің артуына себеп болуы мүмкін.

“Сыртқы ақша-несие жағдайлары қатаң қалпында қалып отыр. 2024-2025 жылдары АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерді мейлінше ұстамды түрде төмендетеді деген болжам бар. ЕОБ 2024 жылы экономикалық өсім мейлінше әлсіз болады дегенге қарамастан, инфляция орта мерзімді нысанаға қайтарылғанша тежеуіш ақша-несие шарттарын сақтауды жоспарлап отыр”, – делінген ведомство хабарламасында.

Мәліметке сай, проинфляциялық тәуекелдер реттелетін бағалардағы реформалар, Қазақстандағы су тасқынының салдары, сондай-ақ оларды жою үшін қажет шығынның белгісіз болуына байланысты.

“Ұлттық банк ортамерзімді перспективада инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету міндетін ұстанады. Бұл ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуді қажет етеді. ҰБ реттелетін бағалар реформасы секілді біржолғы факторларды ескермейтін инфляцияның орнықты бөлігін бақылай түседі. Инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауы базалық мөлшерлеменің төмендеуіне кеңістік қалыптастырады”, – делінген хабарламада. 

Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 31 мамырда 12:00-де жарияланады.

Талқылау