Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлынан айырылған әкенің ата-аналарға жазған хаты жұрттың жүрегін елжіретті

Балалар – өмірдің гүлі. Сәби дүниеге келсе, өміріміздің астан-кестеңі шығатыны рас. Десе де, кез келген жағдайда олармен бірге бақытты сәттерді бастан кешіруге болады. Бірақ, өкінішке орай, кей жағдайда балаларымыз алдымызда кетіп, олардан көз жазып қалып жатамыз.

1-111

Бұл туралы best-fan.ru басылымында жазылды.

Ричард Принглдың 3 жасар ұлы миына қан құйылып көз жұмған. Араға бір жыл салып қайғыдан қан жұтқан әке ата-аналарға арнап 10 ереже жазды. Оларды сіз де өз керегіңізге жаратыңыз.

1. Махаббат көп болуы мүмкін емес.

2. Уақыт қашан да табылады. Сол себепті, бірнеше минутыңызды балаңызбен ойнауға арнаңыз. Бұдан артық ешнәрсе болуы мүмкін емес.

3. Балаларыңызбен жиі суретке, видеоға түсіңіз. Әрбір сәт соңғы болуы ғажап емес.

4. Балаларды ақшамен немесе сыйлықтармен сатып алудың қажеті жоқ. Оның орнына оларға уақытыңызды арнап, көлге немесе саябаққа алып барыңыз.

5. Музыка тыңдап, бірге ән салыңыздар. Біз Хью екеуіміз ән айтқанды ерекше жақсы көретінбіз. Осы сәттер менің жүзімнен кетер емес.

6. Бірге өткізген әрбір сәтті бағалаңыз. Бірге кешкі ас ішіп, ұйықтар алдында ертегі оқып беріңіз.

7. Жақындарыңызбен қоштасқан кезде беттерінен сүюді ұмытпаңыз. Бұл соңғы кездесуіңіз болуы да ғажап емес.

2-93

8. Көңіл көтере біліңіз. Жаяу жүрсеңіз де, көлікте отырсаңыз да, дүкен араласаңыз да күлімсіреуді ұмытпаңыз.

9. Балаларыңыздың жетістіктерін жазып отырыңыз. Бұл жазбалар қартайған шақта көңіліңізге демеу болады.

10. Балаларыңызбен бірге ас ішіп, оларды мектепке алып барып, ұйықтар алдында маңдайынан сүйсеңіз, сізден асқан бақытты жан жоқ. Осыны жадыңыздан шығармаңыз.


Жіберіп алмаңыз:

Ақсақал президент Назарбаевқа қалай сәйгүлік сыйлағанын айтып берді

Қызылордалық оқушылар мектепке жеткенше екі рет киім ауыстыруға мәжбүр (фото)

Халықты тонауды тоқтатыңыз: Ашынған ата-аналар министр Сағадиевке ашық хат жолдай бастады

Енді неке қиюға өтінішті мобильді қосымша арқылы беруге болады

Талқылау