Ұлын сүндетке отырғызған Нұртас Адамбай елден сүйінші сұрады
Ер баланы сүндетке отырғызу – әр мұсылманға парыз! Мұны Нұртас Адамбай жақсы біледі. Сондықтан да ол уақытты көпке созбай, ізінен ерген атұстарын сүндетке отырғызды. Танымал кинорежиссер қуанышты жаңалығымен бөлісіп, желідегі оқырмандарынан сүйінші сұрады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әдетте ойындағысын орысша жеткізетін Нұртас бұл жолы ана тілінде: “Балам бүгін нағыз ер азамат, мұсылман болды!” – деп жазды.
Желідегілер актердің отбасын жарыса құттықтауда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұртас Адамбайдың бұрынғы әйелімен қайта табысқанын жазған едік. Актер арадағы кикілжіңге қарамастан, ұлым толыққанды отбасында тәрбиеленуі тиіс деп шешкен.
Жіберіп алмаңыз:
Алуа Қонарова “Ayumi” тобын тарататынын мәлімдеді
Аса жақсы емес: Айдана мен Ақбота экс-әріптестерімен қандай байланыста екендерін айтты (фото)
2 аптада 18 миллион: Қайрат Нұртастың фильмі аса табысты болмады
Өзіміз кінәліміз: Айдана Меденова инста-оқырмандарымен айқасқан әріптестерін сынға алды
Талқылау

"Эфирден қиып тастайды, концертке қатыстырмайды": Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болған
Ерлан Төлеутай: "Орану – сахна әдебіне қайшы"

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
Соның ішінде ең көп қымбаттағандары: шоколад – 28%, глазурленген кәмпиттер – 13,9%