Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аса жақсы емес: Айдана мен Ақбота экс-әріптестерімен қандай байланыста екендерін айтты (фото)

Кешьюден кейінгі өмір! Баян басқаратын ұжымның экс-әншілерінің арасындағы өзара сыйластық пен бүгінгі байланысы қалай? Бұл сауалға жауапты біз таптық. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Айдана Меденова мен Ақбота Сейітмағамбет «Кешьюдің» экс-әншілерімен арадағы қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты.

Мәселен, аталмыш қыздар ұжымында ән салған Ақбота, 2015-ші жылы Жұлдыз Өмірғали және Балжан Бидашпен қатар топқа қабылданған еді. Алайда, Сейітмағамбеттің сөзіне сенсек, бұл құрамның қарым-қатынасы көңіл қуантарлықтай болмай шықты.

«Біз топта жүргенде үшеумізде бір-бірімізге жақын болдық. Мен топтың еркесі болдым. (күледі) Екеуі ұрысып алатын маған, күлдіріп алатын мені. Бірақ, жақын құрбы болып, араластық деп айта алмаймын. Қазіргі таңдағы қарым-қатынасымыз тек әріптес ретінде қалдық», – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Сондықтан, сылқымдардың жиі жүздесіп, әңгіме-дүкен құруына себеп те жоқ. Бірақ, бір топта өнер көрсеткен әншілер кездесу мақсатында бірнеше мәрте қадам жасап көрген. Алайда, әрекеттері нәтижесіз аяқталыпты.

«Қатты жақсы араласамыз деп айта алмаймын. Сәлеміміз түзу. Жұлдыз хабарсыз кетті. Балжан жақында ғана жолығайық деп жазған болатын. хабарласқан болатын. Мен ұлыммен, Жұлдыз және Балжан бәріміз кездесіп тамақтануға келіскен едік. Бірақ, менің уақытым болмай кетті, “Кешью” тобының да жұмыс кестесі тығыз. Сондықтан, кездесудің сәті түспеді», – дейді Ақбота.

Ал, аталмыш гелзбендтің алтын құрамында ән салған Жанар, Кәмшат және Айдананың қазіргі қарым-қатынасы мүлдем бөлек. Меденованың сөзіне сенсек, бұл құрам керісінше құрбы болғандарын айтады.

«Мен үшін біз жақын құрбы болдық. Қазірде мен жылы сезіммен барлығын еске аламын. Мен «Кешьюде» болғанда оларды тек әріптес ретінде емес, құрбым деп санадым. Қазір де санаймын. Жанар мен Кәмшатты екіге бөле алмаймын, өйткені екеуі де ренжіп қалар. Сондықтан, мынаумен жақын құрбы болдым немесе екіншісімен деп айта алмаймын. Жалпы, мен үшін «Кешью» өте ыстық», – дейді Айдана.

Бірақ, бүгінде жеке шығармашылықты шыңдауда аянбай тер төгіп жүрген Баянның шәкірттері де кездесе алмай жүр. Оған өзіндік себеп те бар көрінеді.

«Қатты жиі кездесіп тұрамыз деп айта алмаймын. Қазір көрісіп тұрамыз. Түсірілімдерде көрісіп тұрамыз. Арнайы кездесіп тұруға уақыт тапшы. Өйткені, мен екі баланың анасымын. Өзімнің жақындарыммен жүздесе алмаймын. Қай жерде көрісіп қаламыз, сәлеміміз түзу, жақсы», – дейді Меденова.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Зарина Омарова: Әкем бізді тастап, басқа әйел алғанда қатты ренжідім

Еспанов Абай Бегейдің 500 қонағын тыңдата алмай ұятқа қалды

Өзіміз кінәліміз: Айдана Меденова инста-оқырмандарымен айқасқан әріптестерін сынға алды

Келінімнің ішін қатты басып, жатырын алып тастаған: Немересінен айырылған Қызылорда тұрғыны дәрігерлердің кінәсін айтып берді

 

Талқылау