Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіміз кінәліміз: Айдана Меденова инста-оқырмандарымен айқасқан әріптестерін сынға алды

Жұлдызсың ба, сырт көздің кез-келген сынына дайын бол! Өнер жолы әлсіздерге арналмаған! Отандық шоу-бизнесте дәл осылай ұран тастаған Айдана Меденова, танымалдарды тікесінен тік тұрғызды. «Экс-Кешьюлік» бикештің бұл пікірінен кейін, әріптестері шынымен ойлана бастағандай.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Иә, бүгінде желі қолданушыларын сүйікті әншісінің шығармашылығы жайлы ақпараттан гөрі, жұлдыздардың жеке өмірі қызықтырады. Олар құныға оқиды, таласа пікір айтады. Ал, жағымсыз жазба қалдырған оқырмандарына өкпелі отандық шоу-бизнес өкілдеріне Айдана Меденованың айтары бар.

“Жалпы халыққа фото салатын біз. Өзіміз барлығын көрсетеміз. Сосын ренжиміз сын айтты деп. Кейбір кісілер көрсеткеннен кейін барлығына, барлық сынға дайын болу керек”, – дейді Айдана Меденова.

Айдананың бұл пікірімен, өнердегі аға буын өкілдері де келісіп отыр. Сондықтан, сынға ілікпес үшін, сапалы посттардың санын көбейтсе дейді.

“Отырған жеріңді, жатқан жеріңді, қай жерге кіріп бара жатырсың, қай жерден шығып бара жатырсың, не істеп жатырсың, ауызың не істеп жатыр… Оның барлығын сала беруге болмайды әрине”, – дейді Мақпал Жүнісова.

“Танымал адам болғаннан кейін, әрине бәрі білгісі келіп тұрады көп сұрақты. Былай ма екен, солай ма екен деген сияқты. Ол өзі баяғыда, атам заманнан келе жатқан қызығушылық қой танымал адамдарға”, – дейді Қыдырәлі Болманов.

Ал, инстада қытығына тиетін фоллоуверлерімен айқасуға «еті үйренген» жұлдыздарды, өнердегі әріптестері де жиі тілге тиек етеді екен. «Жігіттер» тобындағы Бағланның пайымдауынша, мұндайға ренжудің қажеті жоқ.

“Біз өзіміз енді әңгіме айтқанды жақсы көреміз ғой. Біз өзіміз 4-5 бала отырсақ, біреудің өмірін байқамай сөз қылып жібіреміз ғой. Пәленше былай жасапты, түгенше былай жасапты деп. Оның ішінде өнер адамдарының отбасы туралы сөз қозғамау қиынырақ деп ойлаймын. Өйткені, әңгіме керек жалпы айтқанда”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Түркияда мініп жүрген көлігін көрсетіп, жұртты күлдірді (видео)

“Зың-зың” әнінің авторы туберкулез дертінен көз жұмған

Ақбота Сейітмағамбет ата-анасының неден көз жұмғанын айтты

Еспанов Абай Бегейдің 500 қонағын тыңдата алмай ұятқа қалды

Талқылау