Ақбота Сейітмағамбет ата-анасының неден көз жұмғанын айтты

Бұған дейін Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Ақбота жастай жетім қалғанын айтқан болатын. Алайда бұл тақырыпты қозғағысы келмейтін жас әнші ата-анасының қандай жағдайда көз жұмғанын жасырып қалған еді. “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасында Ақбота алғаш рет ата-анасының неден көз жұмғанын айтып берді.

“Өзім Түркістан қаласында туылдым. Қырқымнан шыға салып, ата-анам мені Кентауға алып кетті. 2 жаста болғанда інім дүниеге келді. 3 жасқа келгенімде әкеміз авариядан қайтыс болды. Ал анамыз мен 9, ал інім 7 жаста болған кезде өмірден озды”, – деген Ақбота көзіне жас алып, әрі қарай сөйлей алмады.

Ақбота анасының екі жыл бойы ауырғанын, ақырында сол дерттен көз жұмғанын айтты.

“Інім екеуміз мамамның туған әпкесі бар Әлия деген. Сол кісінің қолында өстік, тәрбиелендік, білім алдық. Бастапқы кезде інім екеуміз апамның қолына көшіп бардық, кейін белгілі себептермен өз үйімізге көшіп келдік. Апамның да жалғыз ұлы бар. Апам, ағам, інім және мен”, – деген Ақбота әкесінің туыстарымен мүлдем араласпайтынын айтып қалды.

“Ата-әжем есімде жоқ, сондықтан сағынамын деп айта алмаймын. Бірақ іштей ойлап жүремін. Әкемнің туыстары неге бізді іздемеді деп мүлдем сұрамаппын. Бірақ табылып жатса, араласуға қарсы емеспін”, – дейді Ақбота.

Жіберіп алмаңыз:

“Анаңның ізі едің”: Абай Бегейдің қызына арнаған әні жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Ақбота Сейітмағамбет ел алдында Дәурен Айдарқұловтан кешірім сұрады

Жеке өмірі туралы бар шындықты айтқан Ақбота көз жасына ерік берді

Мақпал Жүнісова “Зың-зың” әнінің авторынан кешірім сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар