Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Зың-зың” әнінің авторы туберкулез дертінен көз жұмған

“Зың-зың” әнінің авторы, музыкант Болат Нұрымовтың дүниеден озуының негізгі себебі айтылды. Оңтүстік Қазақстан облысы дәрігерлерінің айтуынша, жас өнер иесі туберкулездің ауыр түрін жұқтырып алған.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

“Туберкулез дертіне шалдықты деген күдік болды. Дәрігерлер оны тұрғылықты мекен-жайы бойынша Шымкентке жіберді. Шымкентке келуін келді, бірақ белгісіз себептермен Ташкентке жол тартты. 23 күні ол ауыр халде көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Біздің мамандар одан анализ алып, туберкулезге шалдыққанын анықтады. Ауыр халде болған ол небәрі 1 тәулік ішінде бақилыққа аттанды. Болат туберкулездің ауыр түріне шалдыққан. Оны аз уақытта құтқара алмас едік. Дене қызуы 40-қа дейін көтеріліп, өзі 20 келі салмақ тастады”, – деп атап өтті ОҚО туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Болатхан Сағымбеков.

Тағы да оқыңыз:

Мақпал Жүнісова: “Зың-зың” әнін сынағаныма өкінбеймін (видео)

Анаңның ізі едің: Абай Бегейдің қызына арнаған әні жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Ақбота Сейітмағамбет ел алдында Дәурен Айдарқұловтан кешірім сұрады

Әнші Рүстем Жүгінісов отау құрып, дүркіретіп той өткізді (фото, видео)

Талқылау