Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алуа Қонарова “Ayumi” тобын тарататынын мәлімдеді

Алуа Қонарова қарамағындағы үш топтың бірін тарататынын айтқан еді. Алайда продюсер қай топтың жұмысы аяқталғанын құпияда қалдырған болатын. Құпияның ашылар күні келіп жетті. Продюсер Ayumi тобын тарататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Топты таратуымның себептері жағымды және қыздардың бәрі Ringo World орталығында қалады. Бірі жеке әнші ретінде, екіншісі өз жобасын әзірлейді, ал тағы бірі тұрмысқа шығады.

Сондықтан да жанкүйерлер уайымға салынбаңыздар. Қыздар әлі концерттерге және “Жыл таңдауы” Ұлттық музыкалық жүлдесіне қатысады”, – деп жазды Қонарова желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Айдана Шәріпханова тұрмысқа шығып, топтың құрамы ауысқан еді. Алғашқыда Ақназ бен Әсел дуэт болып өнер көрсетсе, кейіннен олардың қатарына Сандуғаш есімді ару қосылды. Ал небәрі екі ай бұрын топқа Назым есімді жаңа солист келген болатын.

Ну что, пришел момент раскрыть карты😊 #Ayumi – команда, которую я расформировываю. Причины для этого хорошие и все девочки остаются при продакшне #RingoWorld😊 Кто то сольно, кто то будет работать в новой для себя ипостаси, и возможно даст рост чему то новому, а кто то выйдет замуж😊 В связи с этим поклонников прошу не волноваться и не переживать😘 Девочки еще доработают концерты, о которых мы оповестим на их официальной страничке @ayumi_kz и выступят на Национальной премии #ЖылТандауы!

Публикация от Alua Konarova (@aluakonarova)

Жіберіп алмаңыз:

Аса жақсы емес: Айдана мен Ақбота экс-әріптестерімен қандай байланыста екендерін айтты (фото)

Зарина Омарова: Әкем бізді тастап, басқа әйел алғанда қатты ренжідім

Нұртас Адамбай бұрынғы әйеліне қайта қосылды

Омырауы ашық көйлек киген Баян Мақсатқызы жұрттың ашуына тиді (видео)

 

Талқылау