Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам бүкіл денесіне татуировка жасатып тастады

Ұлыбританияда татуировкаға тәуелді ер адам бүкіл денесін қара түсті татировкамен бояп тастады. Тіпті, ол көз алмасы мен ауыз қуысына да татуировка жасатқан, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Instagram/eliinkpiercer

Англияда татуировка шебері Эли Инк 10 жыл бойы денесіне татуировка жасап келген.

«Мендегі өзгерісті түсіне алатын жалғыз адам – өзім. Мен, тіпті, мұның мағынасын түсіндіруге де тырыспаймын», – дейді 27 жастағы ер адам.

Элидің сөзінше, ол бала күнінен суретші Пабло Пикассоның туындыларынан шабыт алған екен. Сондықтан ол суретшінің туындыларындағы абстрактілі кейіпкерлерге ұқсағысы келетінін де жасырмады.

Ер адам көз алмасына жасалатын татуировканың қауіптілігін білгенін мойындады.  Мұндай татуировка жасалғанда аздаған қателік жіберілсе, клиент соқыр болып қалуы мүмкін.

Сонымен қатар Эли сырт келбеті үшін қымсынбайтынын айтты. Ал сүйіктісі Холли оның татуировкаға деген махаббатын қолдайтын көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Жұбайы қайтыс болған ер адам үш айдан кейін одан айнымайтын әйелді тауып алды (фото)

9 жасар қызының қайтыс болған атасына жазған хатын оқыған әкесі көзіне жас алды

Балықшының балық аулау үшін ойлап тапқан ерекше әдісі жұртты таңғалдырды (видео)

Мамандар қолдан тайып кетпейтін сабын ойлап тапты

Талқылау