Мамандар қолдан тайып кетпейтін сабын ойлап тапты

Мамандар қолдан тайып кетпейтін сабын ойлап тапты. Ерекше сабынның негізіне жаға қорғаушы және кедергі мақсатында қолданылатын бетонды тетрапод пішіні алыныпты.

Сурет: imgur

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Tetra Soap дизайнерлері қолдан тайып кетпейтін сабын ойлап тапты. Мұндай идеяны ұсынған Майк Мак сабын негізіне тетрапод пішінін алуды жөн көрген.

Тетрапод  жаға қорғаушы және кедергі мақсатында қолдану үшін 1950 жылы Францияда ойлап табылған.

Ерекше пішін сабынның қолданылғаннан кейін жылдам кебуіне мүмкіндік береді. Мұндай сабындарды жасап үшін силикон қалыптар қажет. Сабын ерекше суық технология арқылы жасалады. Мамандардың сөзінше, сабынның әр кесегі нығыздалған қалыпты бір ай тұрады екен. Алайда сабын қолданған кезде пішінін жоғалтпайды.

Сабынның құрамына зәйтүн майы, какос майы, органикалық цитрус биофлавоноидтары, шай ағашы, сандал ағашының майы сынды заттар кіреді.

«Сабын 5000 жыл бойы күнделікті тұрмыста қолданылып келеді. Оның дайындалуының мыңдаған әдісі мен формуласы бар. Десе де ол үнемі қолдан тайып кете беретін. Мен мұны өзгерткім келді. Tetra сабынын дымқыл күйінде де алуға ыңғайлы», – дейді Майк Мак.

Оқи отырыңыз:

Жұмыртқалардың көмегімен сиқыр жасаған кішкентай қыз жұртты таңғалдырды (видео)

Әйел кептелісте тұрған көліктерге бөгет жасап ұлының көлігін өткізіп жіберді (видео)

Австралияда кенгуру аңшыны нокаутпен құлатып жағын сындырды

Сириялық қашқын екі әйелі және алты баласымен бірге Германияда тегін тұрудың жолын тапқан (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар