Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбайы қайтыс болған ер адам үш айдан кейін одан айнымайтын әйелді тауып алды (фото)

Джектің әйелі 31 жастағы Эмми Коатс 2016 жылы қалқанша безінің қатерлі ісігіне шалдыққанын білген. Дәрігерлердің айтуынша, ол жарты жыл бұрын тексерілуден өтсе, дертін емдеу мүмкін болар еді, деп жазады the Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Бірін-бірі 11 жасынан бері танитын ерлі-зайыптылар қорқынышты диагнозды естігеннен кейін бірден балалы болуға асығыпты. Джек аз уақыттан кейін бақилыққа аттанатын әйелінің ана атану туралы арманы орындалғанын қалаған. Алайда Эмми өздігінен бала көтере алмағандықтан, олар суррогат ана іздестіре бастайды.

«Лиза мен үшін, отбасымыз бен Эммидің достары үшін қолынан келгенінің бәрін жасады. Бірақ ол бәрінен бұрын Эммиге үлкен көмек көрсетті. Ол жұбайыма үміт сыйлады», – дейді Джек Коатс.

Суррогат ананың жүкті екені үш аптадан кейін расталған. Ал Эмми артында ұрпақ қалғанын көңіліне медеу етіп, о дүниеге аттанды. Десе де біраз уақыттан кейін суррогат ананың жүктілігі жатырдан тыс болғаны анықталған.

«Дүниеге келмеген сәбиіміз қайтыс болған әйелім Эммимен бірге көкте болар деп сенемін. Әліге дейін онымен күнде сөйлесемін. Ол мені алыстан бақылап, естіп тұр деп ойлағанды ұнатамын…», – дейді Джек Коатс.

Қазіргі уақытта Джек қайтыс болған әйелінің құрметіне қайырымдылық марафондарына қатыспақ. Ол жаттығуға кірісу үшін жаңа сүйіктісімен бірге Ирландияға аттануды ұйғарыпты. Сапарға аттанар алдында Джек алғаш рет Instagram желісіндегі парақшасында жаңа құрбысының суретін жариялады. Алайда желідегі достарының көбі құрбысының қайтыс болған әйелінен айнымайтынын айтып, таңданды.

«Мені, басымнан өткен жағдайды білмей тұрып, суретке қатысты жағымсыз пікір қалдырған адамдарды өшіріп тастадым. Менің өмірімде негативке орын жоқ», – дейді Джек Коатс.

Оқи отырыңыз:

9 жасар қызының қайтыс болған атасына жазған хатын оқыған әкесі көзіне жас алды

Балықшының балық аулау үшін ойлап тапқан ерекше әдісі жұртты таңғалдырды (видео)

Мамандар қолдан тайып кетпейтін сабын ойлап тапты

Жұмыртқалардың көмегімен сиқыр жасаған кішкентай қыз жұртты таңғалдырды (видео)

Талқылау