Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасар қызының қайтыс болған атасына жазған хатын оқыған әкесі көзіне жас алды

Радиожүргізуші Джеймс О’Брайен көзіне жас алуға мәжбүр еткен жайт туралы айтып берді. Ол қызына ермек болу үшін ескі телефонын берген екен. Алайда қызының 5 жыл бұрын қайтыс болған атасына жазған хабарламасын оқып, еріксіз көзіне жас алыпты.

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Қызыма өзімнің ескі телефонымды бергенмін. Телефонға түрлі ойындарды жазып, интернетті өшіріп қойдым. Құрылғы жадында ескі нөмірлер сақталып қалыпты. Оны байқаған қызым қайтыс болған әкеме хабарлама жазған», – деп жазады Джеймс Twitter желісіндегі парақшасында.

9 жасар қыз хабарламада атасынан арғы дүние туралы сұрап, өз өмірінде болып жатқан жаңалықтармен бөліскен.

«Ата, мен сізді жақсы көремін. Көктегі уақытыңыз жақсы өтсін. Сіз Исамен кездесесіз деп сенемін. Сондай-ақ, өміріңіз тамаша өтті деп үміттенемін. Мен сізді қатты жақсы көремін.  Сіз болмасаңыз, өмірім де мұншалықты тамаша болмайтын еді. Қазір мен 10 жастамын. Ал Элизабет 12 жаста. Оған сіздің сыйлығыңыз қатты ұнады. Ол сыйлық – сіздің махаббатыңыз», – деп жазылған хабарламада.

Сурет: Twitter/James O’Brien

Оқи отырыңыз:

Балықшының балық аулау үшін ойлап тапқан ерекше әдісі жұртты таңғалдырды (видео)

Мамандар қолдан тайып кетпейтін сабын ойлап тапты

Жұмыртқалардың көмегімен сиқыр жасаған кішкентай қыз жұртты таңғалдырды (видео)

Әйел кептелісте тұрған көліктерге бөгет жасап ұлының көлігін өткізіп жіберді (видео)

Талқылау