Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК: Қазақстанда терроризмге қарсы қызмет күшейтіледі

Қазақстанда террорлық әрекет жасағаны үшін бас бостандығынан айыру мерзімін ұзарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, олардың мүлкін тәркілеу тәжірибесі енуі мүмкін.

12579843

Сурет:  ҚР ҰҚК

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов мәлім етті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы атап өткендей, тиісті заң жобасын арнайы құрылған жұмыс тобы әзірлеп шыққан.

«Бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартып, экстремизм мен терроризм үшін міндетті түрде мүлкін тәкілеу арқылы экстремистік және террорлық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны күшейтіп жатырмыз», – деді Жұмақанов.

Оның айтуынша, экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы алты кодекс пен бірқатар бағыттағы 18 заңға түзету енгізуді көздейді.

Қазақстан бойынша күзет ұйымдарының міндетіне терроризмге қарсы төтеп беру функциясы енгізіледі. Арнайы құрылған жұмыс тобы тиісті заң жобасын әзірледі, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысы барысында  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов.

«Терроризмге қатысты нысандарды қорғау жөніндегі заң жобасын жетілдіру аясында,  күзет ұйымдары өздері күзететін нысанды терроризмнен қорғауға міндетті субьектілердің қатарына қосылады. Терроризмге қарсы заңнаманы орындаудан жалтарса, ол күзет ұйымының қызметі тоқтатылады»,-деп хабарлады Үкімет отырысында баяндама жасаған Жұмақанов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, экстремизм және терроризммен күрес мәселелері  жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы алты кодекс пен бірқатар бағыттағы 18 заңға түзету енгізуді көздейді.

Бүгін шаһар басшысы қаза тапқандардың отбастарына 15 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілетіндігін хабарлаған еді. Қазіргі таңда ауруханада үш адам ауыр халде жатыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Алматыда атыс жасаған лаңкес судья мен прокурорларды өлтірмек болғанын да хабарлаған едік.

Талқылау