Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-ның алғашқы күнінде талапкерлердің бірі 10 ұялы телефонмен ұсталды

Бүгін, 20 маусымда, елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ның алғашқы күнінде Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде талапкерлердің бірі 10 ұялы телефонмен ұсталған.

ҰБТ-ның алғашқы күнінде талапкерлердің бірі 10 ұялы телефонмен ұсталған

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

ҰБТ алдында талапкер ұл-қыздарды тексерушілер екі бөлек есіктен өткізіп тексерді. Ұялы телефондарын метал рамкадан өткенде дабыл бермейтіндей етіп жасырған талапкерлер құрылғыны алдай алмады. Артынша бірінен соң бірі университеттен шығып, телефондарын ата-анасы мен ұстаздарына тапсырып жатты.

Ұйымдастырушылардың бірінің сөзінше, тексеру барысында бір талапкер 10 ұялы телефонмен ұсталған.

«Ұялы телефон, шпаргалканың көптігінен түлектерді тексеріп, ішке кіргізу ұзақ уақытты алды», – дейді ұйымдастырушылардың бірі.

Салдарынан таңғы сағат тоғызда басталуы керек болған ҰБТ жарты сағатқа кеш басталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау