Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Реал Мадрид" командасы "кэмбек" жасап, Чемпиондар лигасының финалына шықты

“Реал Мадрид” командасы үш минутта тамаша “кэмбек” жасап, Чемпиондар лигасының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Reuters

“Сантьяго Бернабеу” стадионында өткен Чемпиондар лигасының жартылай финалдық қарымта кездесуінде “Реал Мадрид” командасы мюнхендік “Баварияны” жеңіп, он сегізінші рет Чемпиондар лигасының финалына шықты.  Алғашқы таймда есеп ашылмағанмен,  68-минутта “Бавария” командасының ойыншысы Альфонсо Дэвис тамаша гол соғып, мюнхендіктерді алға шығарды. Дегенмен толассыз шабуылдың нәтижесінде королдік клуб есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. 88-минутта ойынға жаңадан қосылған Хоселу қақпашы Нойердің қателігін пайдаланып, гол соқса, 91-минутта тағы да Хоселу “дубль” авторы және ойынның қаһарманы атанды. Сөйтіп “Реал Мадрид” командасы үш минутта екі гол соғып, жеңіске жетті. Алғашқы матчта қос команда 2:2 есебімен тең түскен еді. 

Айта кетейік, бұған дейін “ПСЖ” командасын жеңген “Боруссия Дортмунд” 11 жылдың ішінде алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шыққанын жазған едік. Енді қос команда 1 маусым күні, финалда кездеседі.

Талқылау