Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандарына Қайрат Нұртаспен бірге түскі асқа бару мүмкіндігі туды

«Болашақ» ассоциациясы «Bolashak lunch» қайырымдылық лотереясын ұйымдастырып, тыңдармандарына сүйікті әншісімен бірге түскі асқа баруға мүмкіндік сыйлап отыр. Ол үшін қатысуға ниет білдірген әрбір адам құны 1000 теңгеден тұратын қайырымдылық билетін сатып алуы тиіс. Жеңімпаз Қайрат Нұртаспен бірге түскі асқа барады. Ал жиналған қаражат сал ауруына шалдыққан балалардың еміне жұмсалмақ.

кайрат благое

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады.

«Достар, күнделікті күйбең тіршіліктен арылып, менімен бірге отырып шай ішуге қалай қарайсыздар? «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырып отырған «Bolashak Lunch» қайырымдылық лотереясына қатысуға шақырамын. Лотерея жеңімпазы менімен түскі аста кездеседі! Қатысу үшін сізге бар-жоғы lunch.bolashak.kz сайтына кіріп, бағасы 1000 теңге тұратын билетті сатып алуыңыз қажет. Ал кездейсоқ сан генераторы жеңімпазды анықтайды. Барлық жиналған қаражат «церебралды сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға көмекке жұмсалады. Лотереяға қатысу өтініштері 2016 жылдың 30 қарашасына дейін (қоса алғанда) қабылданады», – деп жазды ол.

Бұған дейін аталмыш лотереяға Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит қатысқан болатын. Қайырымды істің нәтижесінде жиналған 173 мың теңге балалар аутизмі ауруына шалдыққан, 2008 жылы дүниеге келген Қуантқан Шерхан Бақбергенұлының ем-домына жұмсалған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушылар жазаға тартылды

Қайрат Нұртас: Аналарымыздың алдына былғары киім киіп шығуға ұяламын

Қайрат Нұртас: Мен балгерлерге сенбеймін, тек Құранмен дем салдырып тұрам

Желіде Қайрат Нұртастың отбасының суреттері пайда болды (фото, видео)

Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау