Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушылар жазаға тартылды

Павлодарда 20 қазан күні болған Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушылар жауапқа тартылды.

4445454

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Танымал әншінінің концертін ұйымдастырушыларға 45 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Жергілікті полиция қызметінің басшысының міндетін атқарушы Арман Ашреновтың айтуынша, концерт ұйымдастырушыларынан бастапқыда үйлерге, көше шамдарына, аялдамаларға ілінген жарнамалық афишаларды алып тастау талап етілген. Алайда ұйымдастырушы ер адам тәртіп сақшыларының бұл ескертуіне құлақ аспаған.

Бұл әрекеті үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Осыдан соң қаладағы тәртіпті сақтау мақсатында полицейлер мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері тізе қосып жұмыс істемек.

Оқи отырыңыз:

Дизайнер Жадо күйеуінің тоқал алуына рұқсат бергенін айтты

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Нұржан Керменбаев ұлының тұсауын кесіп дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Адамбай кино залында аяғын көтеріп отырған ересек әйелдің мәдениетсіздігіне ашынды

Талқылау