Адамбай кино залында аяғын көтеріп отырған ересек әйелдің мәдениетсіздігіне ашынды

Сейсенбі, 8 Қараша , 2016 16:57

Нұртас Адамбай кинотеатрда аяғын алдыңғы орындықтың үстіне шығарып отыратын әдепсіз жандар туралы сыр шертті. Белгілі кинорежиссердің айтуынша, бүгінде жастар ғана емес, ересек адамдар да қоғамдық орында өздерін қалай ұстау керектігін білмейді, деп хабарлайды Stan.kz.

адамбай010

Адамбайдың айтуынша, елімізде кейбір жандар кинотеатрға бару мәдениетімен таныс емес. Сорақысы сол, ондайлардың қатарында жастар ғана емес, ересектер де бар болып шықты. Адамбайдың жанына батқан да осы нәрсе.

«Демалыс күні 2 рет киноға бардым. Екеуінде де алдыңғы орындыққа аяғын көтеріп отырған жандарды көрдім. Ескерту жасағым келді, алайда ол менен тым қашықта отырды. Бүкіл залға айқайлағым келді. Бірақ өз ата-аналары тәрбиелей алмаған жандарға менің сөзімнің өтуі екіталай. Мені ашуландырған нәрсе басқа. Сол аяғын жоғары көтеріп отырғандар «мәдениетті жандардың» арасында ересек әйел де болды. Сырт көзге ақыл-есі түзу кісіге ұқсады. Ересек адамдардың өздері осындай әрекетке барып отырған кезде жастардан не сұраймыз? Олар өз балаларына не үйрете алады? Ұят деген болу керек қой. Алайда ондайлар ұялмайды. Әлі күнге дейін киноға қалай бару керектігін білмесек, 30 елдің қатарына кіру туралы сөз қозғаудың өзі артық шығар?!» – деп жазды ол желідегі парақшасында.   

Желі қолданушылары Адамбайдың пікірін қостай кетті.

«Мемлекетіміз дамысын десек әркім өзін өзгертуден бастасын», – деп пікір білдірді Нұрлан есімді желі оқырманы. Сол сияқты Жан есімді оқырман мұндай жағдайдың еліміздің барлық аймағында, барлық кинотеатрында орын алатынын ашына жеткізді. Өзге оқырмандар мәдениетсіз жандардың кесірінен киноға барудан қалғанын айтып шағымданды.

Жіберіп алмаңыз:

“Оралман” фильмінің атауы көрермен арасында дау тудырды (фото)

Брэд Питт ажырасуына байланысты өзінің жаңа фильмінің жарнамасына қатысудан бас тартты

Ди Каприоның фильмінен кейін Мақпал Исабекова вегетариан болып кетті

Есентаеваның жаңа фильмінде кезінде «Махаббат бекетінде» ойнаған актерлер бой көрсетеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
28 күні 1 бір сағат кері

Дұрыс айтасыз Нұртас, мен де сондай жетесіз мəдениеттен жұрдай ересек адамдарды кино залдарда жиі кездестірем сол киноны көруге емес тамақ жеуге келгендей немесе өзін көрсетуге келгендей аяқтарын көтеріп қойып сондай ерсі қылықтарымен көңіл күйді бұзады. Арттарында қалған қоқысты айтсашы

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар