Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаеваның жаңа фильмінде кезінде «Махаббат бекетінде» ойнаған актерлер бой көрсетеді

Тағдырдың соққысына төтеп беріп, төрт ай уақытын өткізіп алған Баян Есентаева шығармашылық қызметіне қайта оралды. Уақыттың ешкімді аямайтынын түсінетін продюсер бұл олқылықтың орнын лезде толтырмақ. Ол бір емес бірден екі фильм түсіруді жоспарлап отыр. Олардың бірі 90-жылдары жастардың махаббат символына айналған «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы болса, екіншісі ұлттық брендке айналған – «Қазақ аруы» байқауы туралы кинокартина болмақ.

есентаева махаббат

Есентаева өзі басты рөлді сомдаған «Махаббат бекеті» фильмін он жылдан бері көрмепті. Жуырда танымал продюсер Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінле халықпен бірге аталмыш кинокартинаны көріп шықты. Одан кейін алда түсірілетін туынды жайлы сыр шертті. Продюсердің айтуынша, жаңа фильмде бұрынғы «Махаббат бекетіндегі» актерлер бой көрсетпек. Алайда Есентаева өнер жолындағы алғашқы әріптестерімен әлі тілдеспепті. Десе де Баян Мақсатқызы олардың ойланбастан келісетініне сенімді.

«Негізі кәсіби емес актерлер тоғысып, пәк махаббатты шынайы көрсете алғандығымыздан болар, ғұмыры ұзақ болды. Шіліңгір шілдеде қақаған аязды түсірдік. Қалың киім киіп алып жан-жақтан жарық қаумалағанда ыстыққа шыдай алмай алмай жылап жібергенім бар. Қарашада Қапшағайдың көліне түсіп асыр салдық. Суықтан қаумалап түспесін деп бізге аздап шарап та ұртатты. Бұл фильмге түспеймін деп байбалам салған кездерім көп болды. Қуанышпен де, Бөпешпен де әлі сөйлесіп, ұсыныс білдерген жоқпын. Дегенмен ескі достығымыздың арқасында келісімдерін алатыныма сенімдімін. Біз үшеуміз де картинада бой көрсетеміз. Жаңа кейіпкерлер де қосылады», – деді Есентаева НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

Жіберіп алмаңыз:

Тоқтардың анасы: Бейбітті әйелдікке алмаса ұлыма ренжитін едім

Серік Ибрагимов: Фонограммамен ән айтуға ұяламын

Режиссер Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова бірігіп кино түсіруге кірісті (фото)

Жолдыбаева: Актермен сүйісу үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймын (видео)

 

Талқылау