Тоқтардың анасы: Бейбітті әйелдікке алмаса ұлыма ренжитін едім

Сейсенбі, 1 Қараша , 2016 15:49

Тоқтар Серіковтің анасы болашақ келінін алғаш көрген сәтте қандай сезімде болғанын әңгімелеп берді. Келін ретінде Бейбіт Маруся Серікованың көңілінен толықтай шығады. Әнші де өзіне туған қызындай қараған енесіне дән риза.

6552122154541215

Бұл туралы Астана арнасының «Аналар» жобасында айтылды.

«Бір концертке алып барып, баланы көрсетті. Ұнаттық. Егер алмай кетсең, Тоқтар мен саған риза емеспін дедім. Неге екенін сұрады. Сенің де төрт апайың бар, ол да біреудің әлпештеп отырған қызы. Жылатып кетсең, әке-шешесі оңбаған екен деп айтады ғой. Өзің сүйсең, осы баланы ал дедім», – дейді келінін бір көргеннен ұнатқан Тоқтардың анасы.

Screenshot_1

Маруся Серікова. “Аналар” бағдарламасынан скриншот

Ал Бейбіт келін болып түскен кезде енесінің басына орамал жаппағанын айтты. Себебі Маруся апай Бейбітті өз қызындай көреді екен.

«Ол кісіні алғаш көрген кезімде біз Тоқтар екеуміз өнердегі дос болатынбыз. Көп баланы дүниеге әкелген керемет кісі болып көрінді. Келін болып түскен кезде маған орамал жапқан жоқ. «Сен келін емессің, осы үйдің қызысың» деді. Сонда да ұялып өзім тағып алатынмын. Өзінің қызындай көреді. Дегенмен келіннің аты келін ғой. Мүмкін басқа келіндеріне қатал шығар. Дәл маған келгенде анамыз жұмсақ. Менің қас-қабағыма қарап, көңіліме тиетін сөз айтуға бата алмайтын сияқты. Өзімнің шелегімді алып жүгіргем сиыр саууға. 1-2 рет қана рұқсат берді, одан кейін рұқсат бермей қойды», – дейді Бейбіт Сейдуалиева.

Енесі әнші келінінің бойында нағыз қазақ қызына тән ұяңдық, ибалылық, инабаттылық сынды қасиеттердің барын айтты.

«Бейбіт деген өте ұяты күшті бала. Қалай тәрбиелеген. «Осында келсек, дастарханын жайып отырады. Ән айтамын, сахнада жүремін демейді иә? Күйеуіне қарап отқа да кіріп кетеді, суға да түсіп кетеді» деп бәрі риза боп жатады. Мен осы арада отырып мақтансам ертең ел айтады. Бәрі соған куә. Оған мен ризамын», – дейді Тоқтардың анасы.

Ал Бейбіттің өз анасы кезінде әнші болуды армандапты. 54 жасында жүрек ауруынан көз жұмған анасын еске алған Бейбіт көзіне жас алды.

«Өте керемет кісі болатын. Ән десе, өнер десе ішкен асын жерге қоятын. Өте сыншыл, өнерге сын көзбен қарайтын. Әкеме тұрмысқа шықпай тұрғанда өзі мамандығы фармацевт, дайындықсыз барып байқаулардан бірінші орын алып келеді екен. Жас кезінде өлең де жазған. Алайда дәптерін жоғалтып алдым. Жас күнінде консерваторияға оқуға түскісі келген кезде анасы жібермепті. Ол кісінің жетпеген арманына мен жетіп отырмын. Анам мен әкем мәңгілік жүреді деп ойлайсың, бірақ оны біз шешпейміз, бәрі де Алланың қолында. Уақытты ешкім тоқтата алмайды, өкінішке қарай. Көзі тірі кезінде күнделікті звондап, «Тоқтардың шайын, тамағын бердің бе? Жылы қабақпен қарсы ал, есіктен қарсы ал, дұрыстап шығарып сал, қабағыңды шытпа, шырт-пырт мінезіңді қой» деп айтып отыратын. Өміріме жететіндей тәлім-тәрбие алдым деп ойлаймын», – деп еске алды анасын әнші.

Бұл орайда Бейбіт кез келген уақытта анасын мейірлене құшақтай алатын Тоқтарға қызыға қарайтынын айтты:

«Кейде Тоқтар анасын құшақтап, сүйіп, омырауына қолын салып жіберіп отырады. Сонда қызығып кетемін, жүрегім де ауырып кетеді. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды, бақытты».

Тоқтар да анасының мәңгілік жанында болмайтынын түсінеді, сол себепті оны аса жоғары бағалайды.

«Шешемнің жылдан жылға қартайып бара жатқаны жаныма батады. Бұл кісілерден ұзағымыз келмейді. Сондықтан Алладан көп сұраймын осы кісілердің бақытты болғанын, күліп жүргенін. «Дүниедегі төрт құбылаң түгел болсын» деген сөз бар қазақта. Дүниедегі төрт құбыланың біріншісі – сол әке мен шеше. Кішкентай кезімде өзіме серт қойғанмын. Осы кісілердің тірі кезінде көп нәрсені көрсетуім керекпін деп. Енді жасыратыны жоқ, үлгермегенім бар, үлгергенім бар. Үлгермей қалғаным, әкем егіздеріміз дүниеге келмей тұрғанда анаммен сырласады екен.  Сонда «немерем жалғыз қалатын болды, артынан іні-қарындастары ерсе жақсы болар еді» деп айтады екен.

Жіберіп алмаңыз: 

Серік Ибрагимов: Фонограммамен ән айтуға ұяламын

Бүркіт інісі Әлимен бірге желіде жыр байқауын ұйымдастырды (фото)

Әлішер Кәрімов: Кафеде күніне 300 теңгеге ән айтатынмын

Жолдыбаева: Актермен сүйісу үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймын (видео)

Қайрат Нұртас жол апатынан кейін туған жерінде концерт берді (видео)

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар