Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Брэд Питт ажырасуына байланысты өзінің жаңа фильмінің жарнамасына қатысудан бас тартты

Соңғы кездері басы даудан арылмаған танымал актер Брэд Питт өзінің жаңа “Одақтастар” фильмінің жарнамасына түсуден бас тартты. Актердің мұндай қадамға баруына отбасында болып жатқан жағдай әсер еткен деп хабарлады ҚазАқпарат.

20161108024433

Актер қандай да бір сұхбат беруден, БАҚ-қа арналған көрсетілімге келуден, түрлі кештерге қатысудан түбегейлі бас тартқан. Бірақ, актердің жанкүйерлері ол фильмнің тұсаукесері кезінде бәрібір қызыл кілемге шығады деп тағатсыздана күтуде.

Қазіргі таңда Брэд Питт пен Джолидің ажырасуынан бөлек, қыркүйек айында ұшақтағы оқиға да тексеріліп жатыр. Онда Питт 15 жастағы ұлы Мэддоксты ұрды деген нұсқа бар. “Одақтастар” киносы үшін Питт “Оскар” сыйлығын иемденуі мүмкін екен. Егер, ұшақтағы жағдай расқа айналар болса, онда актердің ең танымал сыйлықты иелену мүмкіндігі төмендейді.

Оқи отырыңыз:

Мейрамбек Беспаев 40 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Көрінбей кеткен жұлдыздар қазір немен айналысып жүр?

Рано Омарова күйеуінің талабы бойынша сахнаға шығудан бас тартты

Ерке Есмахан болашақта толыққанды жанұясының болғанын қалайды

Талқылау