Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ди Каприоның фильмінен кейін Мақпал Исабекова вегетариан болып кетті

Мақпал Исабекова вегетариандар қатарына қосылды. Әнші әлемге танымал актер Леонардо ди Каприо таспалаған деректі фильмді көргеннен кейін ет пен сүт өнімдерінен бас тартқан.

макпал лео

Голливуд жұлдызы Леонардо ди Каприо экологияны қорғау мақсатында адамзатты сүт пен ет өнімдерінен бас тартуға шақырған еді. Ол үшін әлемге танымал актер бірнеше деректі фильм түсіріп, арнайы қор да құрған. Солардың бірін көрген қазақстандық әнші Мақпал Исабекова сол түні тоңазытқышындағы барлық ет өнімдерін қоқысқа лақтырған.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Жуырда Мақпалдың қатарына әнші Әдемі де қосылды.

«Күндіз-түні аяққа тік тұрып қызмет жасауға тура келгендіктен тез әлсіреп, шаршап қалатынмын. Сондықтан осыдан төрт ай бұрын еттен мүлдем бас тарттым. Расымен қазір күш-қуатым жетерлік, ұйқым да аз уақытта қанатын болды», – деді ол.

Мақпал мен Әдеміге ермес бұрын ет тағамдарының пайдасы туралы мәліметтерге көз жүгірткеніңіз абзал. Мәселен, нутрициолог Лилия Карпусевичтің айтуынша, ағзадағы май мен ақуыздардың азаюынан жүйке жүйесі зардап шегеді, гармондар бұзылады. Сол себепті аптасына 2-3 рет ет тағамдарын тұтынған жөн. Одан бөлек, медицина маманы дененің ауруға, ыстық пен суыққа төтеп беруіне септігін тигізетін валин амин қышқылының етте ғана болатынын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова кішкентай қызын ән айтуға үйретуде (видео)

Қазақстандағы жұлдызды жұптар танысқан сәттерін еске алды

Бауыры: Оқыған мен оқымаған әншінің айырмашылығы көп. Ал Лидо оқымаған

Әділ Ахметов: «Анаға апарар жолдағы» Ілиясқа 90% ұқсаймын (видео)

Талқылау