Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы жұлдызды жұптар танысқан сәттерін еске алды

Қазақстандық жұлдызды жұптардың өзіндік махаббат тарихы бар. Олар жастық шақтарын жиі еске алып, танысқан жерлеріне барып тұрады екен. Тіпті, арасында кейбірі өздері оқыған мектепке балаларын да оқытқан.

14712072_1100008893452201_3299096540496265216_n

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Бүркіт пен Айша арасындағы махаббат Алматыдағы мейрамханалардың бірінде бастау алған. Айбектің туған күніне келген ару бірден оның жүрегін жаулап алады. Бүгінде жұлдызды жұп өздері танысқан жерге жиі бас соғып тұрады. “Ол жерде біз біраз нәрсе өткіздік. Өзіміздің бейнебаяндарымыздың да тұсаукесерін жасадық. Туған күндерімізді атап өттік”, – дейді Бүркіт.

Жанболат пен Жазира үшін Оңтүстік астанамыздағы неке сарайының орны ерекше. Өйткені отағасы сүйіктісіне дәл осы жерде сезімін білдірген. “Сол жерден пәтер сатып алып тұрдық. Дәл сол жердегі №12 мектепте баламыз оқыды. Біз сол танысқан жерімізден әлі айналшықтап шыға алмай жүрміз”, – дейді Жазира.

Жылдар жылжып өтсе де, Қайраттың ата-анасы жастық дәуренін естен шығарар емес. Нұртас пен Гүлзира арасындағы сезім оты Алматыдағы кинотеатарлардың бірінде тұтанған. Продюсер әлі де сол кинотеатрға барып, жастық шақтарын еске алып тұратындарын жасырмайды. Ал Ғаділбек Жанай ханшайымын Ақтаудағы тойлардың бірінде кездестірген. Әнші үшін жарымен танысқан сәті ерекше ыстық. “Есіме түскен сәтте, бірден ойыма танысқан жеріміз келеді. Біз осы жерде танысып едік қой дегендей. Барлығы күні кеше болғандай көз алдымда тұрады”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” тобының әндерінен поппури орындаған қыздар ғаламторды «жарды» (видео)

Бауыры: Оқыған мен оқымаған әншінің айырмашылығы көп. Бірақ Лидо оқымаған

Жеменей кубалық әншімен бірге «Қызыл өрікке» жаңа бейнебаян түсірді (видео)

Әділ Ахметов: «Анаға апарар жолдағы» Ілиясқа 90% ұқсаймын (видео)

Ерке Есмахан: «Әйел бақыты» әні өзімнің өміріммен байланысты

Талқылау