Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыры: Оқыған мен оқымаған әншінің айырмашылығы көп. Ал Лидо оқымаған

Лидо өз тыңдармандарын тапқан әнші. Қызығушылықтарын өз пайдасына асырған үш баланың анасы әрі сүйікті жар. Десе де, оның осы күнге дейін жасырып келген құпиялары жетерлік. Ел білмейтін қырлары да көп. Сылқымның туған күнінде әріптестері талай сырдың бетін ашты.

14676772_1592274667747524_1102767578058588160_n

Фото: instagram.com/lido_kz/?hl=ru

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Құрдастары Лидоны ер бала ретінде қабылдаған. Бірақ, өзі өзгеруді немесе әнші болуды армандамаған екен. “Қолымнан сурет салу ғана келеді” деп түйді ол. “Лидо менен кейінгі ұлдың қызы. Жас кезінде мейрамханада жұмыс істеп, өзі талаптанып, бірте-бірте осындай дәрежеге жетті. Ол бір үйді ұстап отыр. Жолдасына ерекше күтім жасап, балаларына қамқорлық танытады. Құдайға шүкір, киім де тігіп, тамақты дәмді етіп пісіреді”, – дейді әпкесі Лидия Кәденова.

Көпшілік Лидо Досалинаның шығармашлығы СССР тобынан басталған деп біледі. Алайда ол топқа келмес бұрын дәмханалар мен мейрамханаларда ән айтқан. Соңғы рет SuperStar.kz жобасына қатысқан. “SuperStar.kz жобасы болып жатқан кезде Лидо да жүретін. Бірақ, ол кезде ол жәй ғана Лидия еді. Екінші іріктеу кезінде оны іздедім. Алайда таба алмадым. Сөйтсем, продюсермен келісім-шартқа отырып, әртіс болып кеткен екен”, – дейді Аян Бірбаев.

Тыңдармандары Лидияның өнерін жоғары бағалайды. Алайда көп адам оның кәсіби музыкалық білімінің жоқ екенін біле бермейді. “Оқыған әнші мен оқымаған әншінің айырмашылығы жер мен көктей. Бірақ, Лидо оқымаған әнші. Оның музыкалық білімі жоқ. Жетістікке жетем деген ұмтылушылығымен талай белесті бағындырған адам. Мысалы, Лидо ас үйді ешкімге бермейді”, – дейді Дидар Кәден. Лидоның өзі де мақсатына жетпейінше тынымсыз еңбектенетінін айтып жатыр. Өзімен бірге жұмыс істейтін адамдарға жоғары талаптар қояды екен.


Жіберіп алмаңыз:

Жеменей кубалық әншімен бірге «Қызыл өрікке» жаңа бейнебаян түсірді (видео)

Әділ Ахметов: «Анаға апарар жолдағы» Ілиясқа 90% ұқсаймын (видео)

Ерке Есмахан: «Әйел бақыты» әні өзімнің өміріммен байланысты

Әнші Әдемі теңіз жағасына баруды армандап жүр

Талқылау