Жеменей кубалық әншімен бірге «Қызыл өрікке» жаңа бейнебаян түсірді (видео)
Ақылбек Жеменей «Қызыл өрік» әніне жаңа бейнебаян түсірді. Тек бұл жолы Ақылбек оны жалғыз емес, кубалық әншімен бірге орындаған.

Фото: instagram.com/isaakreal.kz/
Исаак Реал бірігіп ән айтуға Ақылбекке өзі ұсыныс жасаған. Бейнебаян тұсауы СТВ арнасында кесілді.
«Ол қазақ мәдениетін өте жақсы көреді. Алматыда 4.5 жылдан бері тұрады. Осы уақыт аралығында ол қазақ халқының осы әнді жақсы көретінін аңғарды. Ол да «Қызыл өрікті» жақсы көріп қалды, оны ел алдында орындағысы келді», – дейді кубалық әншінің продюсері Жәмиля Тұрғамбаева.
Кубалық әнші бүгінгі таңда қазақ тілін үйренумен айналысып жатыр. Ал су жаңа бейнебаян небәрі бір-ақ тәулікте түсірілген.
Жіберіп алмаңыз:
Әділ Ахметов: «Анаға апарар жолдағы» Ілиясқа 90% ұқсаймын (видео)
Ерке Есмахан: «Әйел бақыты» әні өзімнің өміріммен байланысты
Әнші Әдемі теңіз жағасына баруды армандап жүр
Жанкүйерлері Айсұлу Әзімбаеваны Анна Седоковаға ұқсатты
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды