Қайрат Нұртас: Аналарымыздың алдына былғары киім киіп шығуға ұяламын

Сәрсенбі, 9 Қараша , 2016 11:59

Соңғы уақытта Қайрат Нұртастың киіну стилі жиі өзгеретін болып жүр. Бір концертке крассовкі мен былғары шалбар кисе, енді біріне классикалық костюмдерді киіп шығады. Мұның сыры да жоқ емес.

14719654_1827299454150440_3656160411880783872_n

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Әнші Шахизаданың кешінде Қайрат Нұртас та өнер көрсетті. Екеуі қосылып махаббат тақырыбындағы әнге дуэт орындады. Әннің алғашқы жолдары орындала салысымен-ақ, көрермен толы зал үзіліссіз қол шапалақтап, ерекше ықылас танытты. Сиқырлы дауыс иесінің киімдері әдеттегідей ерекшеленіп тұрды. Осы концертке де Қайрат Нұртас костюмін арнайы тіктірген екен.

“Киімімдегі қазақтың әдемі оюы. Мұны анамның стилі десек те болады. Қазір көп жылтырақ киім кимейтін болдым. Бүгін танымал, халықтың ерке қызы Шахизаданың концерті болған соң, бұл кісінің кешіне салихалы аналарымыз бен әжелеріміз келетінін білдім. Сол себепті, мұнда былғары, джинсы шалбар киіп келуге ұялдым. Үлкен сарай болғандықтан, киелі сахнаны сыйлауды жөн көрдім. Соңғы кезде концерттерімді ареналарға беріп жүрген соң, крассовкіге де үйреніп алыппын”, – дейді Қайрат Нұртас.

Концертке көтеріңкі көңіл-күймен келген Қайрат Нұртас әдеттегідей инстаграм парақшасына сурет жүктеп, қайда кетіп бара жатқанын айтқан екен. “Әлеуметтік желіге күніне бірнеше рет кірмесем, басым ауырады” дейді ол. “Күніне бір сурет салуға тырысамын. Бізге әдемі, қызықты жерлерге түскен ұнайды. Көбінесе ұшақта түсіп жатамыз. Соңғы кезде инстаграм бізге ауру болды. Ол арқылы қызықты сәттеріңді бөліскің келіп тұрады. Бірақ, күнде уақыт бола бермейді”, – дейді ол.

Күніне бірнеше рет ұшаққа отыратын әнші желіге тек фотосын жариялайтын. Соңғы уақытта ол жиі видео сәлемдеме жолдайтын болған. “Видео аяқ астынан ұйымдастырылды. Жолда көлікте келе жатқан сәт болатын. Ішіміз пысып, “Ақжол” радиосын ойлап таптық. Бұл тікелей эфирде емес, тек инстаграмда жүргізіледі. Бір-екі рет жасап көрген соң, ары қарай қызық болып кетті”, – дейді Қайрат Нұртас.


Жіберіп алмаңыз:

Дизайнер Жадо күйеуіне өзге әйелдермен жүріс жүруіне рұқсат бергенін айтты

Ерке Есмахан жігіттің кесірінен ұйықтаудан қалғанын мойындады

Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Желіде Қайрат Нұртастың отбасының суреттері пайда болды (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар